Маусым айында да сайтта жарияланған жаңалықтар мен сұхбаттардың ішінде кадрлық тағайындаулар, құқықтық тақырыптар және әлеуметтік бағыттағы мақалалар ерекше сұранысқа ие болды.
Бірінші орындағы ең көп оқылған материал – «Әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды» тақырыбындағы мақала болды. Сонымен қатар «Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйіс орын алды» тақырыбындағы жаңалық та оқырманның ерекше қызығушылығын тудырып, көш басындағы материалдардың қатарынан көрінді.
Екінші орында Жамбыл облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция капитаны Біләл Диана Нұрзатқызымен әзірленген «Интернет алаяқтықтан қалай қорғанамыз?» тақырыбындағы сұхбат орналасты. Сұхбатта интернет кеңістігінде жиілеген алаяқтық әрекеттердің алдын алу жолдары мен азаматтардың сақ болуы тиіс негізгі қағидалар жан-жақты сөз болды.
Үшінші орынға өңірдегі кадрлық өзгерістерге қатысты жарияланған материалдар тұрақтады. Атап айтқанда, «Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды», «Анаға тағзым» орталығының басшысы тағайындалды» және «Қордай ауданының әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды» тақырыбындағы жаңалықтар маусым айында көп қаралған мақалалардың қатарынан табылды.
Төртінші орынға табан тіреген «Жуалыда тәуекел тобындағы отбасыларға зерделеу жұмыстары жүргізілді» тақырыбындағы мақала да оқырман тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болды. Материалда әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың тұрмыс-тіршілігін зерделеу, олардың мәселелерін анықтау және қажетті қолдау шараларын ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты қамтылды.
Бесінші орында маусым айындағы ең көп оқылған үздік мақалалардың қатарын «Тараз қаласында «Ортақ мүдде» шағын гранттар конкурсының жеңімпаздары марапатталды» тақырыбындағы ақпарат қорытындылады. Материалда азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары мен олардың жобалары туралы мәлімет берілді.
«Turaninfo» ақпарат агенттігі өз оқырмандарының сенімі мен қолдауын жоғары бағалайды. Біз алдағы уақытта да өңірдегі және ел көлеміндегі маңызды жаңалықтарды, өзекті мәселелерді және қызықты сұхбаттарды жедел әрі сапалы түрде ұсынуды жалғастырамыз. Бізбен бірге болыңыздар!







