Нұрсұлтан Бахытжанұлы 1991 жылы 30 қазанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
⠀
Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман заңгері болып бастаған. 2016-2019 жылдары Меркі аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы; 2019-2021 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы; 2021 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында аудан әкімінің бас инспекторы; 2021-2022 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы; 2022-2023 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары; 2023-2025 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы; 2025 жылдың сәуір-маусым айлары Меркі ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқарған.
⠀
2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.






