Осы мақсатта Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлескен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Бекітілген ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес, 2026 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі пәрменді кезеңде жыл сайын 15 000 дана вяз (қараағаш) және 5 000 дана терек көшеттерін отырғызу көзделген. Мұндағы басты меже – 5 жыл ішінде аудан аумағында тал-дарақтардың жалпы санын 100 000 данаға жеткізіп, жасыл белдеуді қалыптастыру. Жүйелі жүргізілген ұйымдастыру жұмыстарының арқасында биылғы жылдың межеленген көрсеткіштері жоғары деңгейде орындалып отыр.
Ағымдағы жылға жоспарланған 20 000 дана ағаш-бұта мен гүл көшеттерінің орнына бүгінгі күнге дейін нақты 20 400 дана көшет отырғызылып, бекітілген тапсырма 102 пайызға орындалды. 17 ауылдық округтің барлығында жүргізілген бұл көгалдандыру мен сыртқы безендіру жұмыстары елді мекендердің климаттық жағдайын жақсартуға, ауаны тазартуға және елді мекендерге эстетикалық көрік беруге өз септігін тигізуде. Ағаш отырғызу және оларды баптап-күту жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасатын болады.







