Ауыл және ауылдық округ әкімдері бекіткен арнайы жоспарға сәйкес, бекітілген барлық меже толықтай орындалып, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Тазалық пен көркейту іс-шараларына жалпы 5 836 адам қатысып, оның ішінде 1 123 азамат ақылы қоғамдық жұмыстар арқылы тартылды.
Екі айлық барысында 2160 шаршы метр елді мекен аумағы абаттандырылып, 1015 дана жаңа тал-дарақ отырғызылды және 3 425 ағаштың бұтақтары кесіліп, ретке келтірілді. Суару мен дренаж жүйесін жақсарту мақсатында 90 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Сонымен бірге аудан аумағынан 216,3 тонна қоқыс шығарылып, 61 кездейсоқ қоқыс орны толығымен жойылды. Тұрғындардың демалыс орындары мен тарихи-мәдени нысандары да назардан тыс қалмай, 20 850,4 шаршы метр саябақ пен сквер тазартылып, 26 ескерткіштің айналасы көркейтілді.
Сонымен қатар инфрақұрылым мен эстетикалық көріністі жақсарту бағытында жол бойындағы 595 бағана сырланып, 100 шаршы метр аумаққа гүлзарлар отырғызылды. Жалпы ұзындығы 292,6 шақырымды құрайтын көшелер мен аула бойлары тазаланып, 56 қоғамдық ғимарат пен тұрғын үйдің сыртқы келбеті мен қоршаулары ретке келтірілді. Жоспарланған міндеттердің толық жүзеге асырылуы тұрақты бақылауда болып, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.






