Аудандық маңызы бар бұл экологиялық бастамаға әкімдік бөлімдерінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер бірауыздан қолдау білдіріп, белсене қатысты.
Сарыкемер ауылының аумағында бекітілген кестеге сәйкес, негізгі тазалық жұмыстары Тараз–Сарыкемер–Түймекент–Ақшолақ бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойында ұйымдастырылды. Шара барысында жол жиектері тұрмыстық қоқыстардан тазартылып, ретсіз өскен бұталар мен қурайлар шабылып, қоршаған ортаның санитариялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жалпы аудан бойынша сенбілікке 5 836 тұрғын жұмылдырылып, нәтижесінде 216,3 тонна қоқыс жиналды. Барлық жиналған қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен «Алди и К» ЖШС-нің полигонына тасымалданып, тиісті талаптарға сай орналастырылды.
Мұндай ауқымды акциялар тек елді мекендердің сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға зор ықпал етеді. Аудан аумағында тазалық пен абаттандыру бағытындағы бұл шаралар жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір аудан тұрғыны мен жергілікті мекемелердің ортақ азаматтық борышы болып қала береді.






