• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында бірқатар маңызды кадрлық ауыс-түйістер орын алып, бірнеше негізгі салалық бөлімдердің басшылары жаңарды. Аудан әкімінің 2026 жылғы 17 маусымдағы өкімдеріне сәйкес, мәдениет, ішкі саясат және спорт салаларының тізгіні тәжірибелі мамандарға сеніп тапсырылды.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
17.06.2026, 20:42
Аудан жаңалықтары
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды
1.2k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Атап айтқанда, №127-ж/қ өкімімен Асқар Маратұлы Байдалиев Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 1982 жылы Жамбыл ауданы Аса ауылында дүниеге келген ол М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Музыка және ән айту пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Асқар Маратұлы еңбек жолын мәдениет үйінің үйірме жетекшісі ретінде бастап, кейін аталған бөлімнің бас маманы, сегіз жыл бойы басшысы, сондай-ақ ішкі саясат бөлімінің және аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің жетекшісі қызметтерін атқарған. Осы тағайындауға дейін Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары болып еңбек еткен, бүгінде отбасылы, 5 бала өсіріп тәрбиелеуде.

Ал №126-ж/қ өкімімен Ошақбай Қуат Қанатұлы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына бекітілді. 1994 жылы Қаратау қаласында туған ол «Дене шынықтыру және спорт» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша қос жоғары білім алған. Еңбек жолында «Лашын» футбол клубының футболшы-нұсқаушысы, Қаратау қалалық және Талас, Жамбыл аудандары әкімдері аппараттарында жетекші әрі бас инспектор болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімін басқарып, соңғы уақытта дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымында еңбек еткен, отбасында 2 бала тәрбиелеп отыр.

Сонымен қатар, №128-ж/қ өкімімен Сағынбек Қыдыралыұлы Бестереков Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды. 1985 жылы Жамбыл ауданы Ерназар ауылында туған Сағынбек Қыдыралыұлы «Экология» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Ол өз еңбек жолында Сарысу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында кеңесші, Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген және осы уақытқа дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып келген, бүгінде 6 баланың әкесі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбылда директорлар ауысты: 12 білім ұйымына жаңа басшы келді

Жамбылда директорлар ауысты: 12 білім ұйымына жаңа басшы келді

08.09.2026, 14:55
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.