Бұл туралы Құрылтайда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырылуын талқылауға арналған Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.
— 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді және әр баланың арнайы шотына тиісті қаражат аударылды. Осылайша, 2024 жылы 695,5 млн АҚШ доллары, 2025 жылы – 888,8 млн АҚШ доллары, ал 2026 жылы 901,7 млн АҚШ доллары аударылды, — деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның айтуынша, Қазақстанда 7 миллионға жуық бала тұрады. Бұл – халықтың шамамен үштен бір бөлігі. Осы балалардың игілігі үшін мемлекет тарапынан салынған инвестиция үш есе өсіп, 6,4 трлн теңгеге жетті.







