ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 11 қарашада аталған тұлғалар және өзге де азаматтар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен қолға түскен.
Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Комитет өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.







