«Болашақ» мектеп-интернатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Зағип және компьютер» үйірмесі аясында «Цифрлық инклюзия: тең мүмкіндік» атты облыстық байқау өтті. Байқаудың басты мақсаты – көру қабілеті бұзылған азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологияларды меңгеруіне қолдау көрсету және қоғамдағы тең мүмкіндіктерді кеңейту.
Үйірме жетекшісі, тифлоредактор Ербол Аққайұлы Бегимовтің жетекшілігімен дайындалған қатысушылар үш кезең бойынша өз білімдері мен дағдыларын сынға салды:
«Көреген қолдар, ақылды технология»;
«Сенсорлы сезім: Смартфон құпиясы»;
«Ой-ұшқын» викторинасы.

Байқауға қазылық еткен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы Жадыра Құттыбаева, Жамбыл облыстық «Қазақ соқырлар қоғамы» төрайымы Кенжебала Оспанова және «Болашақ» мектеп-интернаты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанара Аршабаева қатысушылардың білімін әділ бағалап, олардың ізденісі мен қабілетіне жоғары баға берді.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Байболов Асхат;
ІІ орын – Әмірбек Мәншүк;
ІІІ орын – Байжан Даниал.
Ал Жұматаев Алмат пен Еламан Салауат белсенділігі мен талпынысы үшін алғыс хаттармен марапатталды. Шара қатысушылардың цифрлық мүмкіндіктерін паш етіп қана қоймай, білімге ұмтылыс пен табандылықтың кез келген кедергіден биік екенін көрсетті.
Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды







