• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 18:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әулиеата сахнасында жаңа музыкалық жоба ұсынылмақ

Әулиеата өңірінің ән мен жырға толы тарихын, Кенен Әзірбаевтың бай шығармашылық мұрасын және қазақ халқының рухани құндылықтарын біртұтас сахналық композиция арқылы жаңғырту – филармония ұжымы қолға алған жаңа жобаның басты мақсаты.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
05.11.2026, 17:28
Мәдениет
Әулиеата сахнасында жаңа музыкалық жоба ұсынылмақ
8
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осы бағытта өңірдің мәдени өміріне тың серпін беріп, көрерменге ерекше әсер сыйлайтын музыкалық ойын-сауық кешінің дайындығы басталды.

Жобаның көркемдік тұжырымдамасын жүзеге асыруға елордалық шығармашылық топ жұмылдырылған. Кештің бас режиссері — Astana Musical театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры сыйлығының лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі», режиссер, актер, философия докторы (PhD) Есләм Нұртазин. Екінші режиссер – қазақстандық театр және кино актері, «Astana Musical» мемлекеттік театрының әртісі Айдар Акипбаев. Қоюшы-хореограф — халықаралық конкурстардың лауреаты, «Astana Musical» мемлекеттік театрының хореографы Омар Мухамметалиев. Ал продюсер-ұйымдастырушы міндетін продюсер, мәдениет және креативті индустрия менеджері, режиссер, актер Қуаныш Керімқұлов атқарады.

Жобаның негізгі идеясы — Кенен Әзірбаевтың әншілік аманатын жалғастыру, Әулиеата өңірінің бай өнер мұрасын кеңінен таныту, қазақ ән өнерін насихаттау және ұлттық музыкалық құндылықтарды заманауи сахналық үлгіде көрерменге ұсыну. Осы мақсатта дәстүрлі вокалдық орындаушылық, хореографиялық композициялар, вокалдық сүйемелдеу мен заманауи сахналық шешімдер өзара үйлесім табады. Нәтижесінде ұлттық өнердің терең тамыры мен бүгінгі шығармашылық ізденістерін тоғыстырған, мазмұны бай әрі әсерлі музыкалық туынды дүниеге келмек.

К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директор орынбасары Жандос Омаровтың айтуынша, жаңа жоба Әулиеата өңірінің мәдени өміріне тың серпін беріп, көрерменге бұрын-соңды өңір сахнасында ұсынылмаған ерекше қойылымдық шешімдер мен жаңашыл музыкалық үйлесімдерді ұсынбақ.

– Әулиеата өңірі – ән мен жырға тұнып тұрған киелі мекен. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихты сахнадағы тың көріністер мен ерекше режиссерлік шешімдер арқылы жаңғырту – қазақ ән өнерін насихаттаудың жарқын үлгісі. Жобаның басты ерекшелігі – бір мезетте 40 өнерпаздың бір сахнада ән шырқап, би билеуі. Сонымен қатар, халық әндері мен халық композиторларының шығармалары заманауи музыкалық өңдеуде орындалады. Тіпті кейбір қазақ әндері көрермен күтпеген үнде, үнді және америкалық музыкалық стильдерде шырқалып, сол бағытқа сай хореографиялық қойылымдармен үйлесім табады. Әсіресе, Кенен атамыздың «Көкшолағын» 40 өнерпаздың бір мезетте орындауы көрерменге ерекше әсер сыйлайды деп сенеміз. Алдымен музыкалық-ойын-сауық кешінің тұсауын Тараз төрінде кесіп, 2027 жылы Түркістан, Шымкент, Алматы қалалары мен Жетісу облысында гастрольдік концерттер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Жандос Әскербекұлы.

Музыкалық кеш мазмұндық тұрғыдан өзара сабақтас үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім белгілі бір тарихи кезеңді, музыкалық бағытты және сол дәуірге тән өнер ерекшеліктерін қамтып, көрерменді қазақ музыкасының сан алуан қырларымен таныстырады.

Кештің алғашқы бөлімі — «Дәстүрлі-тарихи кезең». Мұнда қазақтың дәстүрлі әндері мен ұлттық билері орындалып, Әулиеата өңірінің өнер тарихына шолу жасалады. Сондай-ақ Кенен Әзірбаев, Жамбыл Жабаев сынды көрнекті өнер тұлғаларының шығармалары сахналанып, ұлттық музыканың рухани мәні мен тағылымы дәріптеледі.

Ал «Ретро» деп аталатын екінші бөлімде қазақ композиторларының көпшілікке кеңінен таныс әндері шырқалады. Бұл бөлімнің ерекшелігі музыкалық нөмірлермен қатар, әртістер арасындағы сахналық диалогтар, әзіл-қалжыңдар мен өнер жолындағы қызықты оқиғалар көрініс табады. Осылайша, көрермен өткен дәуірдің әуендерімен қауышып, сол кезеңнің ерекше атмосферасын сезіне алады.

Кештің үшінші бөлімі — «Заманауи музыка». Бұл бөлімде бүгінгі тыңдарманға кеңінен танылған әуендер орындалып, заманауи музыкалық бағыттар ұсынылады. Негізгі мақсат – жас көрерменнің қызығушылығын арттырып қана қоймай, филармония әртістерінің шығармашылық әлеуеті мен жан-жақты мүмкіндіктерін таныту.

Қазіргі таңда филармония әртістері үш бөлімнің мазмұндық ерекшелігі мен жанрлық сипатын айшықтап, әрқайсысына өзіндік бояу беруге бағытталған дайындық жұмыстарын қызу жүргізуде. Дәстүр мен жаңашылдықты өзара үйлестірген бұл музыкалық кеш көрерменге әсем әуен мен ерекше сахналық әсер сыйлап, қазақ өнерінің бай мұрасын жаңа қырынан танытуды көздейді.

 

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Филармония өнерпаздары студент жастарға мерекелік концерт тарту етті

Филармония өнерпаздары студент жастарға мерекелік концерт тарту етті

11.11.2026, 01:12
«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап талқылау кездесуі өтті

«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап талқылау кездесуі өтті

10.11.2026, 12:35
Таразда халық театрлары арасында облыстық фестиваль-байқау басталды

Таразда халық театрлары арасында облыстық фестиваль-байқау басталды

05.11.2026, 12:52
Таразда «Кездер-ай» ретро концерті өтті

Таразда «Кездер-ай» ретро концерті өтті

31.10.2026, 17:11
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.