• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.11.2026, 21:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» кандидаттары денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелерін талқылады

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
16.11.2026, 18:06
Сайлау-2026
«Әділет» кандидаттары денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелерін талқылады
3
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және медицина мамандарын қолдау – Жамбыл облысының алдағы бес жылдағы денсаулық сақтау саласын дамыту басымдықтарының қатарында. Бұл мәселелер Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында өткен кездесуде талқыланды.

«Әділет» партиясының кандидаттары Ерғали Әбуғалимен Нұрлан Сапарбеков медицина қызметкерлерімен кездесіп, 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» өңірлік сайлауалды бағдарламасының денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі міндеттерін таныстырды.

Кездесу барысында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, тозығы жеткен нысандарды жаңғырту, заманауи диагностикалық қызметтерді дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне басымдық берілді.

Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін облыста 6 жаңа медициналық нысан салу, жұмыс істеп тұрған 2 нысанға жапсарлас ғимарат тұрғызу, 5 тозығы жеткен корпусты қайта жаңғырту және 17 нысанды жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар Тараз қаласы мен Қордай ауданында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының базасында 2 инвазивті емес диагностика орталығын ашу көзделген. Әр орталық 150 мың тұрғынға шақталып жоспарланған. Бұдан бөлек, 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын жылжымалы медициналық кешендердің қызметімен қамту міндеті қойылған.

«Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімді болуы ерекше маңызды. Жылжымалы медициналық кешендер шалғай елді мекендердегі халыққа қажетті медициналық қызметтерді жақындатуға мүмкіндік береді. Бағдарламада халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2025 жылғы 76 жастан 2031 жылға қарай 78,1 жасқа дейін арттыру мақсаты да қарастырылған», – деді кандидат Ерғали Әбуғали.

Кездесуде медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бағдарлама аясында 215 медицина маманына тұрғын үймен қамтамасыз ету, ынталандыру төлемдері, көтерме жәрдемақылар және коммуналдық қызметтер мен ұялы байланыс шығындарын өтеу сияқты қосымша шараларды қамтитын біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Сондай-ақ резидентурадағы нысаналы гранттарға кемінде 1,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған.

Кандидаттар денсаулық сақтау саласының дамуы заманауи инфрақұрылыммен қатар, білікті мамандардың кәсіби әлеуетіне де байланысты екенін атап өтті. Осы орайда медицина қызметкерлерінің ұсыныстары мен тәжірибесін ескеру, олардың еңбек жағдайын жақсарту және кадр тапшылығын шешу маңызды екені айтылды.

Өз кезегінде аурухана ұжымы саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, медициналық қызмет сапасын арттыру, емдеу мекемелерінің жұмысын жетілдіру және мамандарға қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстарын білдірді. Кандидаттар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өңірлік сайлауалды бағдарламада қарастырылған міндеттер бойынша түсініктеме берді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, медицина саласының өкілдеріне өңірлік даму жоспарларын талқылауға және өз ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік берді. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау бағытының түпкі мақсаты – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын жақсарту.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Әлеуметтік қызмет тәжірибесі және отбасына қолдау көрсету мәселелері

Әлеуметтік қызмет тәжірибесі және отбасына қолдау көрсету мәселелері

15.11.2026, 15:51
Самал Оңғарбайқызы: «Ауылға құр уәде емес, нақты нәтиже керек»

Самал Оңғарбайқызы: «Ауылға құр уәде емес, нақты нәтиже керек»

14.11.2026, 12:33
Жандар Тоқсаба: «Сайлауға түскен округтің алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз»

Жандар Тоқсаба: «Сайлауға түскен округтің алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз»

14.11.2026, 11:30
Индира Тоғанбаева: «Депутат — халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір»

Индира Тоғанбаева: «Депутат — халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір»

14.11.2026, 09:28
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділет» кандидаттары денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелерін талқылады

16.11.2026, 18:06

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:44

Әлеуметтік қызмет тәжірибесі және отбасына қолдау көрсету мәселелері

15.11.2026, 15:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.