• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 01:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жазушы Сәмен Құлбарақтың «Мұхаммед Хайдар» тарихи романының таныстырылымы өтті

Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, өлкетанушы Сәмен Құлбарақтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиет – ізгіліктің бастауы» атты шығармашылық бенефис кеші өтті.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
17.09.2026, 10:16
Мәдениет
Жазушы Сәмен Құлбарақтың «Мұхаммед Хайдар» тарихи романының таныстырылымы өтті
16
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әдебиет пен ұлттық руханиятты, ел тарихы мен туған жер тағылымын арқау еткен тағылымды кеш жазушының жетпіс жылдық ғұмырын, шығармашылық жолын және қазақ әдебиетіне қосқан үлесін кеңінен насихаттауға арналды. Кеш шымылдығын М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті студенттері Сәмен Құлбарақтың жаңа «Мұхаммед Хайдар» тарихи романының желісі бойынша дайындалған театрландырылған қойылыммен ашты. Театрландырылған көріністен кейін кеш жүргізушісі жазушының жаңа туындысынан алынған көркем үзіндінің бүгінгі басқосудың мән-мағынасын ашып тұрғанын атап өтіп, мерейтой иесі Сәмен Құлбарақты сахна төріне шақырды. Бұдан соң қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолына арналған арнайы бейнеролик көрсетіліп, көрермен назарына оның әдебиет пен руханият саласындағы көп жылғы еңбегі ұсынылды.

Мерейтой иесін алғашқылардың бірі болып облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай құттықтап, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Өз сөзінде ол Сәмен Құлбарақтың өңірдің рухани-мәдени өміріне қосып келе жатқан еңбегіне тоқталып, қаламгерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа белестер тіледі. Құттықтау сөзден кейін мерейтой иесіне арнайы шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Мерейтой иесімен болған мазмұнды сұхбат барысында оның әдебиетке келу жолы, шығармашылық ұстанымы, тарихи тақырыптарға деген қызығушылығы және жазушылық ізденісі сөз болды. Әсіресе қаламгердің бірнеше жылдық ізденісінің жемісі болған «Мұхаммед Хайдар» тарихи романының жазылу тарихы кеңінен әңгімеленді. Сәмен Құлбарақ тарихи дерек пен көркем қиянды сабақтастыра отырып, ұлы тұлғаның өмірі мен дәуірін көркем шығарма арқылы танытуды мақсат еткенін айтты.

Кеш барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Жанғара Дәдебаев сөз сөйлеп, мерейтой иесінің шығармашылығына тоқталып, қаламгердің әдебиет пен руханияттағы орнына жоғары баға берді. Сонымен қатар ол Сәмен Құлбарақтың жаңа кітабын көпшілікке таныстырып, оның оқырманға жол тартқанын атап өтті. Аталған жаңа туындыны сала қызметкерлері көпшілікке таратты.

Мерейтой иесін Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Қансейіт Әбдезұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жамбылтану орталығының директоры Алмасбек Анықбекұлы құттықтап, Сәмен Құлбарақтың шығармашылық еңбегіне, ұлттық әдебиет пен руханиятқа сіңірген қызметіне тоқталды.

Кештің жалғасында жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жүрекжарды тілектерін жеткізді. Қаламдас замандастары мен әріптестері Сәмен Құлбарақтың азаматтық болмысы, шығармашылық ізденісі, әдебиетке деген адалдығы және туған жер тарихын зерттеудегі еңбегі жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

Кеш соңында Сәмен Құлбарақ өзіне көрсетілген құрмет пен ыстық ықыласқа ризашылығын білдіріп, мерейтойына арнайы келген барша азаматтарға алғыс айтты. Ол әдебиеттің адамды ізгілікке тәрбиелейтінін, ал тарихи шығармалардың ұлттың өткенін танып, келешекке сабақ алуға жол ашатынын атап өтті.

Тегтер: ЖазушыМерейтойтарихи роман
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

12.10.2026, 11:56
Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11
Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50
Тоқпанов театрының құрамы 12 жас актермен толықты

Тоқпанов театрының құрамы 12 жас актермен толықты

09.10.2026, 12:29
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.