Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мереке Айнақұлов сайлауалды бағдарламасында мәдениет пен руханиятты дамытуға, ауыл кітапханаларын жаңғыртуға және жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық берген.
Өмірбаяны
Айнақұлов Мереке Ержанұлы 1985 жылы Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылында дүниеге келген.
2007 жылы «Әулиеата» университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2010 жылдан бастап «Құлан таңы» аудандық газетінде тілші және бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2020 жылдан бері аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып келеді.
Мәдениет пен руханият – бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі
Кандидат сайлауалды бағдарламасында ауылдық кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, кітап қорын жаңарту және мәдени-рухани іс-шараларды дамыту мәселелерін атап өткен.
Сонымен қатар бағдарламада:
- Жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсету;
- Шығармашылық және кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту;
- Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
- Отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдау қарастырылған.
Мереке Айнақұлов кітапхана саласында жинақтаған тәжірибесін ауданның әлеуметтік және мәдени дамуына бағыттауды көздейді.
Дайындаған: ID CORP ЖШС
Қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттен.
Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы.





