Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының №9 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Байсариев Қайрат Бейбітұлы сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Мәдениет саласының маманы мемлекеттік тілді дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық келісімді нығайту және халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне басымдық беріп отыр, деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
Өмірбаяны және еңбек жолы
Байсариев Қайрат Бейбітұлы 1982 жылғы 20 шілдеде Шолаққайыңды ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Шолаққайыңды бастауыш мектебінің табалдырығын аттап, 1997 жылы Жамбыл орта мектебінің 9-сыныбын аяқтаған.
1997–2014 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
2018 жылы «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алған.
Қазіргі таңда Т. Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйіне қарасты Шолаққайыңды ауылдық клубында мәдени іс-шара ұйымдастырушысы болып еңбек етеді.
Отбасылы, екі ұл және бір қыз тәрбиелеп отыр.
Мәдениет пен руханиятты дамыту
Қайрат Байсариевтің сайлауалды бағдарламасында мәдениет арқылы азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және өзара сыйластықты қалыптастыру мәселелері қамтылған.
Кандидат мәдени-ағартушылық бастамалар арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етуді көздейді.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту
Кандидат қазақ тілін дамытуға бағытталған жүйелі жоспарлар мен ынталандыру шараларын қолдауды ұсынады.
Сонымен қатар оқу, ғылыми және кәсіби әдебиеттердің, оның ішінде цифрлық форматтағы еңбектердің сапасын арттыру мәселесіне назар аудармақ.
Қоғамдық келісім мен татулық
«Бірлік түбі – береке» қағидатын ұстанатын Қайрат Байсариев қоғамдық келісімді нығайту және этносаралық татулықты сақтау мәселелерін бағдарламасына енгізген.
Ол еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің өзара сыйластық пен келісім жағдайында өмір сүруіне бағытталған бастамаларды қолдауды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік мәселелер
Кандидаттың бағдарламасында медицина мамандарының тапшылығын азайту, олардың еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік осал топтарды қолдау және егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері де қамтылған.
Қайрат Байсариевтің сайлауалды бағдарламасы мәдениет, мемлекеттік тіл, қоғамдық келісім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бағыттарын біріктіреді.
Дайындаған: ID CORP ЖШС
Қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттен.
Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы.







