• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 09:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Су тасқыны. Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жолдады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
06.04.2024, 17:14
Қазақстан жаңалықтары
Су тасқыны. Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады
758
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Құрметті отандастар!

Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.

Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.

Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда.

Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.

Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.

Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.

Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес.

Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.

Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет.

Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын.

Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.

Ақорданың баспасөз қызметі

Тегтер: Қасым-Жомарт ТоқаевМемлекет басшысыПрезидентсу тасқыныТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

23.11.2026, 17:15
Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жақсылықтағы мектеп жөндеуі мен ыстық тамақтың сапасы Абылай Асқаровтың бағдарламасына енді №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Абылай Асқаров сайлауалды бағдарламасында Жақсылық ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің күрделі жөндеу сапасына назар аударатынын айтты. Сайланған жағдайда ол жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалауға ниетті. Кандидат аз қамтылған отбасылардың балаларына берілетін ыстық тамақтың сапасын да назарда ұстауды ұсынады. Асқаров сайлауға қатысу туралы шешімін өскелең ұрпақтың болашағына үлес қосу ниетімен түсіндірді. Бағдарламасында ол жастарға қолдау көрсетуді және округ тұрғындары көтерген мәселелерді мәслихатта айтуды көздейтінін жеткізді. Өмірбаяны Абылай Айдосұлы Асқаров 1995 жылғы 1 қыркүйекте Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. 2001–2013 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте оқыған. 2014–2018 жылдары Құлан агротехникалық колледжінде зоотехник мамандығын меңгерген. 2018–2022 жылдары М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде музыка бағыты бойынша жоғары білім алған. 2022 жылдан бері Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйіне қарасты Жаңатұрмыс ауылдық клубында мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы болып жұмыс істейді. Отбасылы, екі қызы бар. Дайындаған: «ID Corp» ЖШС. Тапсырыс беруші: А.А. Асқаров. №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

24.11.2026, 09:08

Айгүл Мәдембаева: «Елге пайда тигізу – ерге парыз»

24.11.2026, 08:58

Жол, жарық, интернет және руханият: Тұңғышбай Садуақас қандай бастамаларды ұсынады?

24.11.2026, 07:47

Ел бірлігі мен тұрғындар мүддесі: Айсұлу Байходжаева қандай мақсат қойып отыр?

24.11.2026, 07:29

Таза ауыл, спорт алаңдары және ашық бюджет: Жауын Нартай қандай бастамалар ұсынады?

24.11.2026, 07:22

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.