Қоғамдық бірлікті сақтау, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысу, тұрмыс сапасын жақсарту және жергілікті билікпен бірлесіп жұмыс істеу. Бұл – Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының №7 бірмандаттық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Айсұлу Байходжаеваның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі ұстанымдар, деп хабарлайды TURANINFO.KZ.
Бірлік пен тұрақтылық – қоғамның тірегі
Айсұлу Байходжаева сайлауалды бағдарламасында ел ішіндегі татулық пен қоғамдық тұрақтылықтың маңызын атап өткен.
Оның пікірінше, қоғамның дамуы үшін азаматтардың өзара түсіністігі мен ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет етуі маңызды.
Кандидат жеке мүддеден гөрі елдің бірлігі мен ортақ мұратын жоғары қою қажеттігін алға тартады.
Әр тұрғынның мәселесі маңызды
Кандидат сайлауға қатысудағы басты мақсаты округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосу екенін жеткізді.
Ол халықтың күнделікті тұрмысында кездесетін мәселелерді назарда ұстап, олардың шешілуіне ықпал етуді жоспарлап отыр.
Айсұлу Байходжаева жергілікті атқарушы органдармен өзара байланыс орнату арқылы тұрғындардың өзекті мәселелерін кезең-кезеңімен қарастыруды көздейді.
Әлеуметтік қолдауға назар
Бағдарламада әлеуметтік тұрғыдан көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету мәселесі де қамтылған.
Кандидат мұқтаж жандарға мүмкіндігінше көмек қолын созуды азаматтық міндеттерінің бірі деп санайды.
Ол халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдап, тұрғындардың әлеуметтік қажеттіліктерін назарда ұстауға ниетті.
Мәдениет саласындағы тәжірибе
Айсұлу Байходжаева еңбек жолын мәдениет саласында бастаған.
2008 жылы Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйінде мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы болып қызмет атқарған.
Қазіргі уақытта осы мәдениет үйінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Кандидат жинақтаған еңбек тәжірибесін қоғамдық мәселелерді шешуге бағыттауды жоспарлап отыр.
Халықпен бірлескен жұмыс
Сайлауалды бағдарламасында Айсұлу Байходжаева сайлаушылардың сенімін ақтау және округтегі өзекті мәселелерді назарда ұстау қажеттігін ерекше атап өткен.
«Өзім сайлауға түсіп отырған округ тұрғындарының тұрмыстық әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту – менің басты принципім болмақ», – дейді кандидат.
Осылайша, Айсұлу Байходжаеваның сайлауалды бағдарламасы қоғамдық бірлік, әлеуметтік жауапкершілік, тұрғындардың мүддесін қорғау және жергілікті мәселелерді шешуге ықпал ету бағыттарына негізделген.
Тапсырыс беруші: Айсұлу Байходжаева.
Дайындаған: ID Corp ЖШС.
Қаржыландыру көзі: республикалық бюджет.
Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының №7 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидаттың сайлауалды үгіт материалы.






