Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының №4 бірмандаттық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Мәдембаева Айгүл Серікбайқызы сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Білім беру саласында көпжылдық тәжірибесі бар кандидат халыққа адал қызмет ету, тұрғындардың мүддесін қорғау және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселелеріне басымдық беріп отыр, деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
Білім мен еңбекке негізделген өмір жолы
Мәдембаева Айгүл Серікбайқызы 1982 жылғы 3 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданының Шаған ауылындағы №37 орта мектепке қабылданып, 1998 жылы білім ордасын аяқтаған.
1999–2001 жылдары Алматы қаласындағы Заң колледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.
2001–2007 жылдары «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтында тарих және география пәндерінің мұғалімі мамандығын меңгерген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда қалалық ауызсумен қамту мекемесінде инспектор болып бастаған. Сондай-ақ Қызылорда қалалық зағиптар қоғамында заңгер-консультант қызметін атқарған.
2007–2008 жылдары Көкдөнен ауылдық әкімдігінде жұмыс істеген.
2010 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепте зертханашы қызметіне орналасып, 2011–2013 жылдары тарих және география пәндерінен сабақ берген.
2013–2026 жылдары аталған мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқарған.
2026 жылғы қазан айынан бастап Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, екі қыз және бір ұл тәрбиелеп отырған ана.
Халыққа қызмет ету – басты мақсат
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында еңбекқорлық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарына ерекше тоқталған.
Оның айтуынша, өмірлік және кәсіби тәжірибесі адамдардың қажеттіліктерін түсінуге, қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударуға мүмкіндік берген.
«Елге пайда тигізу – ерге парыз» деген ұстанымды басшылыққа алған Айгүл Мәдембаева депутаттыққа үміткер болудағы негізгі мақсаты халыққа қызмет ету екенін жеткізді.
Мемлекеттік бағдарламалар халыққа түсінікті болуы тиіс
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттың тұрғындарға қолжетімді болуы маңызды міндет ретінде көрсетілген.
Айгүл Мәдембаева мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін қарапайым азаматтарға түсінікті тілмен жеткізуге және олардың тиімді пайдаланылуына ықпал етуді көздейді.
Тұрғындардың мүддесі бірінші орында
Кандидат депутат болып сайланған жағдайда жеке мүддеден гөрі халықтың қажеттіліктерін жоғары қоюға ниетті екенін мәлімдеді.
Ол ауыл тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тиісті деңгейде көтеруді мақсат етеді.
«Алға қойған мақсатым айқын. Ол – халыққа адал қызмет ету. Ауыл тұрғындарына қолымнан келгенше жақсылық жасау», – дейді Айгүл Мәдембаева.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы тұрғындармен байланыс орнату, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және халық мүддесіне қызмет ету ұстанымдарына негізделген.
Тапсырыс беруші: Мәдембаева Айгүл Серікбайқызы.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС
Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының №4 сайлау округі бойынша кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық қаражаты есебінен төленді.






