Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Айгерім Баймұратова сайлауалды бағдарламасында ауылдағы мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыруға басымдық берді. Ол олардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал етуді және мәдени іс-шаралардың мазмұнын жаңартуға бағытталған бастамаларды қолдауды көздейді.
Бағдарламаның бір бағыты балалар мен жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға арналған. Баймұратова жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттауды және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін іс-шараларды қолдауды ұсынады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын мазмұнды өткізуі үшін үйірмелер мен шығармашылық алаңдардың ашылуына ықпал етпек.
Өмірбаяны
Айгерім Нұрсағатқызы Баймұратова 1990 жылғы 30 қазанда дүниеге келген. 2008 жылы Ақбұлақ орта мектебін бітірген. 2008–2010 жылдары Тараз қаласындағы М. Х. Дулати атындағы көпсалалы колледжде «Кітапханашы» мамандығы бойынша білім алған. 2018 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын кітапхана саласында бастап, кітапханашы және библиограф болып жұмыс істеген. Қазір Тұрар Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде әдіскер қызметін атқарады. Отбасылы, бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.Н. Баймұратова.
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.





