Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Алкереев Нұржан Сайлаубекұлы сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Құлан жолдары» ЖШС-нің бас инженері ауылішілік жолдардың сапасын арттыру, көшелерді жарықтандыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселелеріне басымдық беріп отыр, деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік қызмет пен өндірістегі тәжірибе
Нұржан Алкереев 1984 жылы Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Р. Сәбденов ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Орталық Азия инновациялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008–2012 жылдары Т. Рысқұлов ауданы бойынша Салық басқармасында жетекші маман болып еңбек жолын бастап, түрлі бөлімдерде басшылық қызметтер атқарған.
2013–2019 жылдары аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінде бас маман, бөлім басшысы және аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылғы мамыр айынан бастап «Құлан жолдары» ЖШС-нің бас инженері болып жұмыс істейді.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Жол сапасы – ауыл дамуының маңызды көрсеткіші
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту.
Ол жолдарды жөндеу мәселесін жүйелі түрде көтеріп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысына жағдай жасауға ықпал етуді жоспарлап отыр.
Нұржан Алкереевтің пікірінше, жол инфрақұрылымының сапасы ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер етеді.
Көше жарығы және инженерлік желілер
Кандидат көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындардың жағдайын жақсарту мәселелерін назарда ұстауды көздейді.
Сондай-ақ ауызсу, электр энергиясы және басқа да инженерлік желілердің сапалы қызмет көрсетуіне қатысты мәселелерді көтеруді жоспарлаған.
Халықпен тұрақты байланыс
Нұржан Алкереев тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тұрақты тыңдап, олардың шешілуіне депутаттық өкілеттік шеңберінде ықпал етуді мақсат етеді.
«Депутаттық қызметті халық сеніміне негізделген үлкен жауапкершілік деп білемін. Мен үшін әрбір тұрғынның пікірі, әрбір отбасының жағдайы және ауылдың болашағы маңызды», – дейді кандидат.
Оның сайлауалды бағдарламасы жол сапасын жақсарту, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және халықпен ашық байланыс орнату бағыттарына негізделген.
Дайындаған: ID CORP ЖШС
Қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттен.
Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы.





