• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды

turan_admin turan_admin
11.09.2020, 12:53
Қазақстан жаңалықтары
231
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаланың әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау саласындағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарын ұсынды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Қазақстанның нышанына айналған елорданың дамуына әрдайым ерекше мән беретіндігін атап өтті.

«Жиырма екі жылдың ішінде елорда әкімшілік, іскерлік, экономикалық, мәдени және саяси орталыққа айналды. Бастапқы бас жоспарларда қала тұрғындарының санын 1 миллион 200 мың адамға жеткізу 2030 жылға қарай көзделген еді. Бұл көрсеткішке 10 жыл бұрын ерте жеттік. 1997 жылмен салыстырғанда қала халқының саны төрт есе өсті», — деді Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев елорданың экономикалық дамуын атап өтті.

«Жалпы, 22 жылдың ішінде жаңа астананың дамуына мемлекеттен бөлінген әрбір 1 теңге республикалық бюджетке 2,8 теңге болып қайтарылды. Бес жылдан бері бас қала республикалық бюджет доноры аймақтарының қатарында», — деді Елбасы.

Сонымен бірге шағын және орта бизнес, құрылыс саласы елорданың даму драйверіне айналғаны атап өтілді.

«Қала экономикасының 55 пайызын шағын және орта бизнес құрайды. Жыл сайын 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, оның 70 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. Сонымен қатар елорда құрылыс секторының көшбасшысы. 1997 жылдан бері 26 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Осы жылдардың ішінде елорда білім беру хабына, мәдени орталыққа және медицина кластері дамыған қалаға, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерін біріктіру арқылы маңызды көлік және транзиттік хабқа айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың даму жолында жетістіктермен қатар, азаматтарды толғандыратын мәселелер де бар екенін атап өтті. Олардың ішінде – үлескерлері бар құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер; үш ауысымдағы және оқушылар саны көп мектептер; жауын су ағатын кәріз жүйесі; қоғамдық қауіпсіздік мәселелері және тағы басқалары.

«Елорда әкімдігі мәселелерді үнемі бақылауда ұстап, азаматтардың өтінішіне жедел жауап беруі керек», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар Елбасы елорда басшылығының алдында Үкіметпен бірге тұрғындар мен қонақтардың жайлы өмір сүруі үшін қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша бас жоспар мен даму жоспарын жүзеге асыру міндеті тұрғанын атап өтті.

«Жалпы, мен стратегиялық міндеттерді шешуді қамтитын даму жоспарын қабылдаймын. Елорда өмір сүруге және іскерлік белсенділікке қолайлы қала ретінде дами беруі керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Түркістан қаласында салынып жатқан Қазақ хандығының тарихына арналған мемориал жобасымен таныстырды.

Источник: https://primeminister.kz/ru/news/nursultan-nazarbaev-posetil-too-nauchno-issledovatelskiy-proektnyy-institut-astanagenplan-1085822

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.