• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ерболат Төлепбайдың шығармашылығына арналған көрме Астанада ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстанның көрнекті суретшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франция өнер мен әдебиет орденінің кавалері, Сальвадор Дали атындағы Халықаралық альянс сыйлығы мен басқа да беделді халықаралық марапаттардың иегері Ерболат Төлепбайдың «Храмға жол» атты мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы өтт

turan_admin turan_admin
03.10.2025, 14:48
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Ерболат Төлепбайдың шығармашылығына арналған көрме Астанада ашылды
123
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл көрме Қазақстан өнерінің көрнекті өкілі Е. Төлепбайдың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылық қызметіне арналды. Экспозицияда суретшінің әр кезеңдегі шығармашылығы қамтылып, көрермен назарына кескіндеме өнерінің түрлі бағыттарын қамтитын таңдаулы туындылары ұсынылды.
Ерболат Төлепбайдың өнердегі басты ұстанымдарының бірі – «Өнер адамға бақытты болуға үміт сыйлайды, адамның асқақ мұратына жету жолындағы қиындықты еңсеруге жігерлендіреді» деген сенім. Осы қағидатты өмірлік бағдар еткен суретші өз ғұмырын өнерге арнап, дүниежүзіне танылған және жоғары бағаланған ғажайып туындылар топтамасын жасады.
Суретшінің кәсіби шығармашылық жолы 1974 жылдан басталып, соңғы елу жыл бойы үздіксіз дамып келеді. Осы уақыт ішінде суретші әлемнің көптеген елдерінде 38 жеке көрме ұйымдастырып, халықаралық мәдени кеңістікте кеңінен танылды. 2024 жылы ол Венецияда өткен мерейтойлық Биенналеде Қазақстан павильонының экспозициясына қатысып, ал 2025 жылдың маусым айында Голландияда өткен жеке көрмесінің ашылу салтанатына Нидерланд корольдік отбасы арнайы қатысты.

Ол тек шығармашылықпен шектелмей, елдің мәдени өміріне де белсенді араласты. Ерболат Төлепбай ҚР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды, ұзақ жылдар бойы ҚР Суретшілер одағының жастар бірлестігін басқарды. Оның шәкірттері бүгінде Қазақстан бейнелеу өнерінің беделді өкілдеріне айналды.
Ерболат Төлепбайдың жетекшілігімен Ақорда резиденциясы, ҚР Жоғарғы кеңесінің ғимараты, сондай-ақ ел астанасындағы маңызды нысандар көркемдік тұрғыда безендірілді. «Бәйтерек» монументін тұрғызу ісіне де атсалысты.
Суретші жасаған ірі тарихи туындылардың ішінде ҚР Ұлттық музейінің ашылуына арналған «Мәңгілік ел» триптихы («Тандыр», «Анархай», «Жас Дала»), Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи триптихы да бар.
Е. Төлепбайдың туындылары көрерменді өмірдің мәнін, адамның тағдырын, қоғамдағы орнын терең сезінуге жетелейді. Оның өнер философиясы адамзатқа ортақ құндылықтарды насихаттай отырып, болашаққа сенім мен позитивті энергия сыйлайды.
«Храмға жол» көрмесі – Қазақстан бейнелеу өнерінің ұлы шеберінің өмірлік тәжірибесі мен шығармашылық ізденістерін тоғыстырған бірегей іс-шара

Тегтер: Ерболат Төлепбай
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.