• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Президенті Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

turan_admin turan_admin
19.08.2021, 15:06
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Президенті Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
92
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының өткізген келіссөздерінің қорытындысын жоғары бағалады.

– Кеше Сіздер өте мазмұнды, табысты келіссөздер жүргіздіңіздер. Екі мемлекеттің сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамығанын атап өткім келеді. Ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретін маңызды келісімдерге қол қоюға дайындық жүріп жатыр. Пандемияға байланысты туындап отырған барлық қиындықтарға қарамастан, екі ел арасындағы сауда өткен 5 айдың ішінде 26 пайызға артты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті болашақта экономикалық байланыстарды арттырудың әлеуеті зор екеніне назар аударды.

– Біздің жоспарымыз нақты жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастығымызды нығайта түсу. Қазіргі уақытта екі ел үкіметтері машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да аса маңызды салаларда ірі жобаларды жүзеге асыруға күш жұмылдыруда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беруіміз керек. Сіздің осы жұмысқа деген құлшынысыңызды құптаймын және табысты болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Ресей Премьер-Министрі Михаил Мушистин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Президент Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.

– Біз бауырлас Қазақстанмен арадағы достық, әріптестік және одақтастық қатынастарымызды жоғары бағалаймыз. Үкіметтеріміз арасындағы байланыстардың мазмұны терең. Бірлесіп жұмыс жасауға зор мүмкіндіктер бар. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында өзара тауар айналымы үш есеге артты. Жылдың соңына дейін сауда айналымынан өте жоғары көрсеткіштер күтеміз және оған барлық мүмкіндіктер бар. Инвестициялық бағытта да өзара табысты жұмыс істеп жатырмыз. Ресей бизнесі Қазақстанның 32 ірі жобасына қатысуда. Қазақстандық әріптестеріміз де Ресейдің жобаларына белсенді атсалысып жатыр, – деді Михаил Мишустин.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресейдің пандемияға қарсы күрес және бірлесіп вакцина шығару сияқты өзара іс-қимылдағы басым бағыттар туралы сөз болды.

Тараптар аймақтар арасындағы байланыстардың оң қарқыны туралы да пікір алмасты. Бұл қатынастарға осы күзде Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін кезекті Аймақаралық ынтымақтастық форумы тың серпін береді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.