Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Заида Рысқұлова сайлауалды бағдарламасында ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыруға, ұлттық өнерді қолдауға және жас таланттардың шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық берді.
Мәдениет саласында еңбек етіп жүрген кандидат ауыл тұрғындарының мәдени өмірін дамытуға, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдауды көздейді.
Ұлттық мәдениет және шығармашылық
Рысқұлова ауылдық мәдениет үйлерінің қызметін жетілдіру, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді және тарихымызды дәріптеу мәселелерін бағдарламасына енгізген.
Сонымен қатар ол жас таланттарға қолдау көрсету, жастардың шығармашылық бастамаларын дамыту және олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарға ықпал етуді жоспарлап отыр.
Өмірбаяны
Заида Сапарқызы Рысқұлова 1995 жылғы 23 сәуірде Жақсылық ауылында дүниеге келген.
2013 жылы №1 мектеп-лицейін бітіріп, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне оқуға түскен. 2017 жылы жоғары оқу орнын «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2020 жылы «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында Луговой ауылдық мәдениет үйінде бастаған. Кейін үйірме жетекшісі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Луговой ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: З.С. Рысқұлова.
№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.



