№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Заида Рысқұлова жастар тәрбиесі, бұқаралық спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы ұсыныстарын сайлауалды бағдарламасына енгізді.
Спорт және жастар тәрбиесі
Кандидат ауыл тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға, ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге және жастардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған бастамаларды қолдауды көздейді.
Бағдарламада жастардың мәдени және шығармашылық іс-шараларға қатысуына, өз қабілеттерін дамытуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мәселелері де қамтылған.
Рысқұлова ұлттық құндылықтарды насихаттау, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және ана тілі мен тарихқа құрмет көрсету бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аудармақ.
Тұрғындармен байланыс
Сайланған жағдайда кандидат тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелерді жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп қарауды және олардың шешілуіне ықпал етуді жоспарлап отыр.
Луговой ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Заида Рысқұлова өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, мәдениет пен жастар саясаты бағытындағы бастамаларды қолдауға ниетті екенін жеткізді.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: З.С. Рысқұлова.
№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.





