Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Амалбек Бейбіт сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын дамытуға, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға басымдық берді.
Ветеринария саласында еңбек ететін кандидат ауыл шаруашылығын аудан экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Ол өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, ауыл тұрғындары көтерген өзекті мәселелерді аудандық деңгейде қарауға ықпал етуді көздейді.
Мемлекеттік бағдарламалар және жас мамандарды қолдау
Амалбек Бейбіт сайлауалды бағдарламасында «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына ерекше назар аударған. Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында тұрғын үй алу мәселесіне тап болып жүрген жас мамандар бар.
Кандидат сайланған жағдайда мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен мүмкіндіктерін ауыл тұрғындарына түсіндіру, олардың қолжетімділігін арттыру және жас мамандардың әлеуметтік мәселелерін көтеру бағытында жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Өмірбаяны
Амалбек Мақсатұлы Бейбіт 1997 жылғы 11 желтоқсанда Құлан ауылында дүниеге келген. 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2020 жылы Тереңөзек ауылдық округінде ветеринариялық дәрігер болып бастаған. 2021–2022 жылдары аудандық ветеринариялық зертханада ветеринар дәрігер қызметін атқарған.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тұрар Рысқұлов ауданының ветеринариялық бөлімінде эпизоотолог маман болып жұмыс істейді.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.М. Бейбіт.
№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.




