• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауылдан шыққан қазақ жастары құрған компания 2,4 млн $ инвестиция тартты

turan_admin turan_admin
27.06.2022, 14:40
Қазақстан жаңалықтары
Ауылдан шыққан қазақ жастары құрған компания 2,4 млн $ инвестиция тартты
121
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Балтабек Мұқашев пен адам капиталын дамыту қоры EPGEducation отандық технологиялық холдингтің дамуына $2,4 млн инвестиция салды.

Bugin Holding негізін қалаушылар акционерлер болып қалады және компанияны дамытуды жалғастырады. Ал инвестиция өнімдерді дамытуға және шетелдік нарықтарға шығуға жұмсалады. 2022 жылы BuginHolding-тің табысы шамамен 2,8 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.

Bugin Holding үш саланы қамти отырып жұмыс атқарады. Олар – құндылық, білім, инновация! Аталған үш сала да кез келген адамның яки мемлекеттің болсын дамуына тікелей әсерін тигізеді. Мәселен, құндылықсыз адамға білім дарымайды, ал білімсіз инновацияны көтеру тіптен мүмкін емес. Bugin Holding осы үш сала бойынша қандай қарекеттер жасауда? Осы сұраққа жауап ретіндекомпанияның экосистемасын алға тартуға болады.

Экожүйенің алғашқы сатысы – «OrdaGen» балаларға арналған арнаулы жоба. Бұл еңбектеп ес білген баланың бойына дәстүр мен ділді дарыта отырып, құндылықтың құнарын беру. OrdaGen—де қазіргі таңда мыңнан астамертегі бар. Оларды мобильді қосымша, кітап және анимациялық мультфильм түрінде таратып, балаларға арналған қазақтілді контенттің дамуына үлесін қосып келеді. OrdaGen алдыңғы көштен ерекшеленіп, қордың көп бөлігін авторлық ертегіге үлестірді. Онда біз бұрын оқып көрмеген психологиялық, фантастикалық жанрлардағы ертегілер бар. Төрт ірі құндылыққа негізделген ертегілерді оқып өскен бала, енді кез келген білімді тез сіңіріп ала алады.

Осы орайда экожүйенің екінші баспалдағы басталады. Ол – Daryn.Online республикалық білім беру платформасы. Daryn.Online қазақстандық оқушыларға уақыт пен қашықтық теңсіздігіне қарамай білім алуға мүмкіндік береді. Жоба мақсаты – сапалы білімді қолжетімді ету. Бүгінге дейін платформаға 3,6 млн оқушы мен 350 000 жуық мұғалім тіркелген. Платформа базасында БҒМ стандартына сай жаңартылған бағдарлама бойынша 1-11 сынып оқушыларына 24 000 астам видеосабақтартүсіріліп, 250 000 тест тапсырмалары дайындалған. Мектеп түлектері білікті методистер дайындаған ҰБТ байқау сынағын 1 200 000 мәрте тапсырған. Республика бойынша платформамен 2000 нан астам мектеп жұмыс жасаған.

Платформада оқушы мен ұстазға қосымша қолдау көрсететін бірқатар жобалар іске қосылды. Мысалы, Daryn Teacher қысқа уақыттың ішінде оқушының белгілі бір тақырыпты үйренуіне немесе үй жұмысын түсініп орындауына күш жұмсайды. Бұл өз кезегінде платформада білім беруші ұстазға қосымша табыс әкеледі. Қазақстанның барлық ұстаздарына тіркеліп, табысын арттыруына мүмкіндік бар.

Экожүйенің келесі баспалдағы –DarynTandau. Аты айтып тұрғандай, бұл жоба мектеп бітіруші түлектерге немесе мамандандырылған мектептерге түсуге үміткер оқушыға дұрыс таңдау жасауға көмек береді.

Бұл жобаны біржағынан «виртуалды көрме» деп атауғада болады.Себебі таңдау жасау үшін «қабылдау бөлімін»шарлап қажет емес. Виртуалды көрмеде текотандық оқу орындарын ғана емес шетелдік оқуорындарында таңдауға болады.

Bugin.kz ақпараттық және танымдық бағыттағы медиаплатформа. Платформа онлайн медиа сервистер саласын көтеру және өз бағыты бойынша сапалы контентұсыну ісін жүргізеді. Ал, Educenter – бұл онлайн курсын жасағысы келетін репетитор, блогер, инфобизнесмендергеарналған платформа. Платформа әр эксперт үшін жеке жасалады.

«EPG Education міндеті — сапалы және қолжетімді мектептер құру. Қазақстан нарығында білім беру платформалары арасынан көш бастап тұрған  Daryn.Online жобасына инвестиция құю бізге оқытудың оңтайлы онлайн және офлайн форматын жасауға көмектеседі. Бұл Қазақстан бойынша миллиондаған оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік«, — деді EPG Education директоры Досым Бесбай.

Ал Балтабек Мұқашев: «Bugin Holding өнімдері, соның ішінде Daryn.Online мектеп оқушылары үшін географиялық шектеулерді жоя отырып, өңірлерде сапалы білім беру үшін үлкен маңызға ие жоба. Мысалы, ауыл оқушылары ірі қалалардағы мұғалімдерден қашықта отырып-ақ қосымша білім ала алады. Негізгі мамандығым мұғалім болғандықтан білім беру жүйесіне не қажет екенін білемін әрі білім саласындағы мәселелерге бей-жай қарай алмаймын. Bugin Holding-тің негізін қалаушы жігіттер де отандық білім беру ісін жаңа деңгейге көтеру үшін оқытудың инновациялық стандарттарын ұсынып отыр. Сондай-ақ бізге шетелдік нарықтарға шығу үшін отандық жас IT компанияны қолдау маңызды», — деп өз ойымен бөлісті.

Bugin Holding ұжымының алға қойған мақсаттары мен жоспарлары барша қазақ жастарын жігерлендіреді десек артық айтпаған болар едік. Тартылған инвестиция холдинг жобаларын Қазақстан нарығында  дамытуға, сондай-ақ LMS жаңа өнімі (мектеп процестерін автоматтандыру) мен ТМД-дағы алғашқы гибридтік мектепті құруға жұмсалады. Сондай-ақ, Daryn.Online мен EduCenter жобаларын Өзбекстан нарығына шығаруға қаражат салынады. Одан кейін Орта Азия мен Ираннарығына шығу жоспарлануда. Осылайша отандық стартап жоба әлемге әйгілі брендке айналмақ.

Дереккөз-“Адырна” ұлттық порталы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.