• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шомылу маусымы басталғалы 45 адам суға кеткен

Шомылу маусымы басталғалы 45 адам суға батып қайтыс болған. Оның 14-і бала.

06.06.2023
0
Шомылу маусымы басталғалы 45 адам суға кеткен

Young boy jumping into lake

451
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұл туралы кезекті үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды, оның ішінде 15-і бала, шомылу маусымы басталғаннан бері — 11 адам, оның ішінде 2-еуі бала. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан 45 адам суда қаза болды, оның ішінде 14-і кәмелетке толмаған. Суға батқандардың ең көбі Ақтөбе, Абай, Қостанай облыстарында.

Министрдің мәлімдеуінше су айдындарында адамдардың жиі қаза болуының негізгі себебі жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, мас күйде шомылду болып отыр.

Сонымен қатар, Юрий Ильин шомылуға арналған белгілі бір орындардың жеткіліксіз екенін, осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар халыққа арналған жабдықталған жағажайларды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру қажеттігі, бұл шомылу маусымының қауіпсіз өтуі үшін қажет екендігі туралы атап өтті. Шомылатын орындарды құру және жабдықтау — қауіпсіздіктің негізгі талаптарының бірі.

Дәл қазіргі уақытта ел аумағында шомылуға рұқсат етілген 487 орын бар. Оның ішінде 149-і коммуналдық, 338-і жеке жағажай. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған құтқару бекеттерімен қамтамасыз етілген 307 жағажай бар. Қалған 180 рұқсат етілген орын (коммуналдық және жеке) медициналық пункттермен және балаларға арналған шомылу учаскелерімен қамтамасыз етілмеген.

Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ полиция департаменттерімен және әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.

Мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп 45 мыңнан астам рейдтік және үгіттеу жұмыстары жүргізілді, оған жүз мыңнан астам адам қатысты. Күнделікті рейдтік үгіттеу жұмыстары барысында 480 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қауіпсіз жағажайларда, стационарлық жағажайларда  және модульді-қаңқалы бассейндерде (модульдік-қаңқалы бассейндерді сатып алу жүргізілуде) ТЖМ құтқарушылары әкімдіктермен бірлесіп балаларды жүзу дағдыларына үйретуде. Соңғы үш жылда жүз мыңнан астам кәмелетке толмағандар оқытылды. Ағымдағы жылдың басынан бері 19 мыңға жуық бала оқытылды, — деді министр өз сөзінде.

Халықты жазатайым жағдайлардан сақтандыру үшін елдің кейбір аймақтарында инновациялық әдістер пайдаланылып жатыр. Мәселен, Алматы қаласында су айдынын патрульдеу мен судағы қауіпсіздікті еске салып отыратын дрондар қолданылады. Ақтөбеде арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әдісі енгізілген.

Қазіргі уақытта ТЖМ Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, рұқсат етілген және шомылуға тыйым салынған орындарды карталарға енгізе отырып, интерактивті картаны іске қосы мәселесі талқыланып жатыр.

 

Тегтер: turaninfo.kzҚР ТЖ Министрлігішомылу маусымыЮрий Ильин

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты