• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:51
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жолшылар әз-Наурызды тойлады

Күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамын жолшылар әдеттегідей жоғары деңгейде атап өтті.

turan_admin turan_admin
20.03.2025, 18:47
Абырой
Жолшылар әз-Наурызды тойлады
87
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл күні «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» Жамбыл, Шымкент, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы филиал ұжымдары қыдыр қонып, құт дарыған, шежірелі өлке – Қасқасу баурайында тойлады.

Берекелі басқосуға арнайы келген «ЖАСҰО» РМК бас директорының орынбасары Арман Мерекеұлы жиналғандарды тамырын тереңнен тартқан Наурыз мерекесімен құттықтап, салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін мұндай думанды жиындар өскелең ұрпақтың елін сүйер азамат болып өсуіне үлкен септігін тигізетінін баса айтты.

Бұл күні кең пейілді түркістандық жолшылар қазан көтеріп, мейман боп келген әріптестері үшін Наурыздың басты дәмі – Наурызкөже дайындады. Бұдан бөлек, мұнда тұсаукесер сынды қазақтың салт-дәстүрі қайта жаңғыртылып, қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының көрінісі паш етілді. Сондай-ақ, жолшылар садақ атудан сынға түссе, құралайды көзге атқан сұрмерген һәм білекті жігіттер асық ату мен қошқар көтеру сайыстарында өзара кім мықтыны анықтады.

Қасқасу баурайында ұйымдастырылған ашық аспан астындағы Наурыз тойға жамбылдық жолшыларды филиал директоры Телеужан Ержан бастап барды. Өз кезегінде біздің жолшылар сәлемдесу сайысында өзгелерден оқ бойы оза шапты. Халық әні «Күміс құман-ай» әнінің мәнерінде өрілген өлең жолдарын домбыраның сүйемелдеуімен нақышына келтіре шырқаған олардың өнеріне жиналған жұртшылық таңданысын білдірді. Сондай-ақ, біздің қыз-жігіттер асық ату мен қошқар көтеру жарыстарында да жүлдесіз қалған жоқ. Мәселен, зертхана меңгерушісі Дәурен Хасенов сұрмергендігімен көзге түссе, «Сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің» басшысы Мадияр Мырзалимов театрландырылған қойылымда актерлік шеберлігі барын байқатты. Ал, ұлттық нақышта безендірілген киім киген әулиеаталық арулар көздің жауын алды. Осылайша, біздің бұрымдылар «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деген Фирдоуси жырының жәй ғана сәйкестік еместігін кезекті рет дәлелдеді.

Айта кетейік, оңтүстік өлкесінің жолшылары бірлесе тойлайтын Наурыз тойы бірер жыл бұрын көне шаһар Тараздан бастау алған еді. Думанды шара былтыр шырайлы Шымкентте ұйымдастырылса, келер жылы алты Алаштың анасы атанған қасиетті өңір Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарлануда.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.