Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Әбдешов Нұрлыбек Болатбекұлы «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды, деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
Әбдешов Нұрлыбек Болатбекұлы Жамбыл облысы прокуратурасының 3 басқарма прокуроры болып қызмет етеді.
Нұрлыбек Әбдешовке жоғары мемлекеттік награда қоғамдық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте көрсеткен кәсіби біліктілігі, бастамашылдығы мен батыл іс-әрекеті үшін берілді.
Марапаттау Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңының 20-бабына сәйкес жүзеге асырылды.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғау жолында ерекше батылдық пен ерлік көрсеткен азаматтардың еңбегін мемлекеттік деңгейде бағалайтын наградалардың бірі.
Нұрлыбек Болатбекұлының аталған медальмен марапатталуы – оның қоғамдық тәртіпті нығайту мен қылмысқа қарсы күрес саласындағы қызметіне берілген жоғары баға.
TURANINFO.KZ







