• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

Тараз қаласының №2 сотында бұрынғы мемлекеттік қызметшілер Нұрбол Жүнісбеков, Алмасбек Бөбеев, Арман Абдешов, сондай-ақ сәулетшілер Қасиет Тәшімбетов пен Нұрбол Нұртаевқа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасуда.

turan_admin turan_admin
04.09.2026, 21:20
Абырой, Заң, Облыс жаңалықтары
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды
192
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Айыптау тарапы сотталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшердегі қаражатты иемдену немесе ысырап етуге қатысты айып таққан. Сот үкімі әлі шықпағандықтан, олардың кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденуге тиіс.

Іске судья Бағдат Төребекұлы төрағалық етуде.

Мен бұған дейін сот отырысында аудио және бейнежазба жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішхат жолдаған едім. Өтінішхат сот кабинетінде тіркелгенімен, түсірілім жасауға рұқсат берілмеді. Нәтижесінде журналист ретінде сот процесін тыңдаушы ретінде бақылауға мүмкіндік алдым.

Айыптау екі бағытты қамтиды

Сотта айтылғандарға қарағанда, қылмыстық іс екі негізгі бағыт бойынша қаралып жатыр.

Бірінші бағыт – Шымкент қаласында орындалған жұмыстар. Мұнда «Дизайн-код» пен қаланың сәулеттік даму тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты мәселелер қаралуда.

Екінші бағыт – Тараз қаласындағы жұмыстар. Бұл эпизодта 11 келісімшарт бойынша қабылданған жұмыстардың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі басты мәселелердің біріне айналды. Айыптау тарапы бұл ретте сарапшы қорытындысына сүйеніп отыр.

Ал сотталушылар мен қорғау тарапы сараптама жүргізген маманның құзыретіне күмән келтіруде. Олардың айтуынша, сарапшының негізгі мамандығы – география, ал қаралып отырған жобаларға кәсіби баға беру үшін сәулет және қала құрылысы саласындағы арнайы білім қажет.

Қорғау тарапы тағы бір маңызды жайтқа назар аударды: Тараз қаласына қатысты егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) тиісті қаулылармен қолданысқа енгізілген және олардың күші жойылмаған.

Сот барысында ArcGIS, мемлекеттік қала құрылысы кадастры, AutoCAD секілді сәулет және қала құрылысы саласында пайдаланылатын бағдарламалар туралы да жиі сөз болды.

Әкімдік: «Залал жоқ». Кейін: «Талап арызды қуаттаймыз»

Сот отырысындағы назар аудартқан жағдайлардың бірі – Тараз қаласы әкімдігі өкілдерінің азаматтық талапқа қатысты ұстанымы.

Тараз қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Гүлшат Айтбаева сотта талап арыздан бас тартатынын айтып, «залал жоқ» деген позиция білдірді.

Төрағалық етуші судья Бағдат Төребекұлы бұл ұстанымды бірінші басшының қолы қойылған жазбаша құжатпен бекітуді сұраған. Осыдан кейін Айтбаева келесі сот отырыстарына қатыспады.

Оның орнына өзі басқаратын бөлімнің бас маманы келіп, сотта: «Талап арызды қуаттаймыз», – деген жауап берді.

Осылайша, бір қылмыстық іс аясында әкімдік өкілдерінің азаматтық талапқа қатысты екі түрлі позиция білдіруі сот отырысында назар аудартқан жайттардың бірі болды.

Абдешов пен Жүнісбеков кім?

Іс бойынша айыпталушылардың екеуі – Арман Абдешов пен Нұрбол Жүнісбеков бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігінің басқармаларын басқарған.

Арман Абдешов Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған. Алайда оған қатысты қылмыстық іс Шымкенттегі осы қызметіне байланысты емес. Бұған дейін жарияланған ақпаратқа сәйкес, тергеу оның бұрынғы қызмет кезеңіне қатысты жүргізілген.

Абдешов 2020–2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған. Кейін Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Ал 2025 жылғы ақпанда Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Нұрбол Жүнісбеков 2025 жылдың көктемінде Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы қызметіне келген. Оған дейін сәулет және жер қатынастары саласында еңбек еткен. Ұсталған кезде оның ресми еңбек демалысында болғаны хабарланған.

Абдешов пен Жүнісбековке қатысты тергеу 2025 жылы басталып, олар бірнеше апта айырмашылықпен ұсталған.

Бұған дейін жарияланған деректер бойынша, Нұрбол Жүнісбеков пен өзге тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу 2025 жылғы 5 наурызда басталған. Тамыз айында Жүнісбеков ұсталып, кейін сот оны Астанадағы тергеу изоляторында қамауда ұстауға санкция берген.

2025 жылғы қыркүйекте тергеу органы оның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету ретінде түпкілікті саралағаны хабарланды.

Қасиет Тәшімбетов кінәсін ішінара мойындады

Қатысқан сот отырысында сотталушы Қасиет Тәшімбетов айғақ беріп, кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

Ол мемлекетке келтірілген залал ретінде есептелген 25 миллион теңгені қайтарғанын айтты.

Судьяға сенімсіздік білдірілді

Тәшімбетовтен кейін Нұрбол Нұртаев айғақ беруге кіріспес бұрын оның адвокаты төрағалық етуші судья Бағдат Төребекұлына сенімсіздік білдірді.

Осыған байланысты сот отырысына үзіліс жарияланды. Адвокаттың уәждерін қарауға Тараз қаласының №2 сотының төрағасы Ербол Дүйсенбаев қатысып, тиісті қаулы шығарды.

Нәтижесінде Бағдат Төребекұлы төрағалық етуші судья ретінде істі қарауды жалғастырды.

Нұрбол Нұртаев кінәсін мойындамады

Айғақ беру кезінде Нұрбол Нұртаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Ол прокурор қойған сұрақтарға жауап беріп, өзіне міндеттелген құжаттарды тапсырғанын айтты. Нұртаевтың жауабында да сарапшының кәсіби құзыретіне қатысты мәселе көтерілді.

Жүнісбеков: «Алдын ала ешкіммен сөз байласқан жоқпын»

Екінші күнгі сот отырысы белгіленген уақыттан 45 минут кеш басталды. Хатшы мұны облыстық соттағы жиналысқа қатысуымен түсіндірді.

Сотта айғақ берген Нұрбол Жүнісбеков Шымкент қаласы әкімдігінің сәулет және жер қатынастары басқармасын басқарған кездегі «Дизайн-код» пен қаланың сәулеттік даму тұжырымдамасына тоқталды.

Оның айтуынша, аталған жұмыстар қала әкімінің аппараттық кеңесінде қаралған. Жүнісбеков мәслихат тиісті шешім қабылдағанымен, Әділет департаментінде тіркелмеуіне сол кездегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексеруі әсер еткенін айтты.

Жүнісбеков өзінің сәулетші емес, жер қатынастары саласының маманы екенін де алға тартты.

Оның айтуынша, сол кезеңде сәулет бағытына басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы Мырзагелді Көбелеков жауапты болған. Құжаттарды әзірлеу және жұмыстарды қабылдау алдындағы тексеру де жауапты орынбасардың міндетіне кіргенін жеткізді.

Жүнісбековтің сөзінше, егер жауапты орынбасар тиісті құжаттарға қол қоймаған жағдайда, ол жұмыстарды қабылдамас еді.

Сонымен бірге Жүнісбеков айыптау тарапы мемлекетке келтірілген залал ретінде көрсеткен 112 миллион теңгені бауыры төлегенін мәлімдеді.

Ол өз кінәсін ішінара мойындап:

«Ұқыпсыз, салғырт қарағаным болар. Бірақ алдын ала ешкіммен сөз байласқан жоқпын», – деді.

Келесі кезек – Бөбеев пен Абдешовте

Осылайша, екі күндік сот отырысында Қасиет Тәшімбетов, Нұрбол Нұртаев және Нұрбол Жүнісбековтің жауаптары тыңдалды.

Ендігі сот отырысында Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшылары Алмасбек Бөбеев пен Арман Абдешовтің жауап беруі күтіледі.

Олардан кейін сот процесі жарыссөз кезеңіне өтуі мүмкін.

Екі күндік тыңдаудан байқалған негізгі тартыс – орындалған жұмыстардың техникалық ерекшелікке сәйкестігі, сарапшы қорытындысының негізділігі мен оның кәсіби құзыреті, орындалған жұмыстарды қабылдаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілік шегі және нақты залалдың бар-жоғы төңірегінде өрбіп отыр.

Бұл сұрақтардың барлығына түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

TURANINFO.KZ  тілшісі И.Дастан сот залынан

Тегтер: Алмасбек БөбеевАрман АбдешовНұрбол Жүнісбеков
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06
Қордайда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды

Қордайда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды

02.09.2026, 13:27

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.