• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 08:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық полицейлер қаза болған әріптестерін еске алды

turan_admin turan_admin
12.11.2022, 15:33
Абырой
Жамбылдық полицейлер қаза болған әріптестерін еске алды
153
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовты және қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерін еске алуға арналған іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ішкі істер органдарының ардагерлері және Ғазиз Байтасовтың отбасы мүшелерінің қатысуымен қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің рухына тағзым етіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар батыр полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

— Жалпы, Қазақстан полициясы құрылғалы бері облыс көлемінде қызмет бабында 71 полиция қызметкері қаза болыпты. Олардың әрқайсысы өз істерімен кейінгі жастарға, әріптестеріне антқа адалдықтың үлгісін көрсетті. Біз, әріптестеріміздің ел тыныштығы жолындағы көзсіз ерліктерін әрқашан үлгі етеміз, құрметтейміз. Осы мақсатта ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырысымен полиция капитанының ерлігіне арналған «Ғазиз» атты кітабы жарық көрді. Бұл өз кезегінде батыр есімінің ел есінде, тарихта қалуына аз да болса үлесін қосады деп есептеймін, – деді министрдің орынбасары Қайрат Иматұлы.

— Біздің отбасымыз Полиция департаментіне, Ғазиздің әріптестеріне және оны еске алушыларға үлкен алғыс білдіреді. Сіздер, қиын сәттерде бізді қолдап, қамқорлық танытып, ерекше көңіл бөліп келесіздер, — деп сөз сөйледі батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиева.

Содан кейін Ішкі істер министрінің орынбасары және облыстық ПД басшы құрамы мен қызметкерлері Ғазиз Байтасовтың шаңырағында болды.

Одан соң полиция генерал-лейтенанты жаңа техникалармен жабдықталған, кең ауқымды мүмкіншіліктері бар бағдарламалармен қамтамасыз етілген Жедел басқару орталығының қазіргі жаңғыртылған жай-күйімен танысты.

Сонымен қатар, Қайрат Сөнтаев Ғ.Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонына барып, арнайы техникалармен және құрал-жабдықтармен танысты,
ПД-ның арнайы мақсаттағы бөліністерінің демонстрациялық қойылымдарын көрді.

Бұдан бөлек, еске алу іс-шараларының аясында облыс көлеміндегі күш құрылымдарынан құралған 19 команда арасында шағын футболдан жарыс өткізіліп, велошеру ұйымдастырылды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Маңғыстауда оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Маңғыстауда оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

27.09.2026, 11:49
Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.