• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Азаматтық хал актілерін тіркеу

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
28.08.2026, 17:18
Абырой
Азаматтық хал актілерін тіркеу
16
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Азаматтық хал актілерін тіркеу — мемлекет пен азамат арасындағы маңызды байланыстардың бірі деп ойлаймын. Себебі әр адамның өмірінде белгілі бір маңызды оқиғалар болады.Оларға адамның дүниеге келуі, некеге тұруы, некенің бұзылуы, бала асырап алу, әке болуды анықтау, азамат немесе азаматша аты-жөнін өзгерту және адамның қайтыс болуы жатады. Осындай оқиғалардың барлығы заң жүзінде  тіркеліп, арнайы құжаттар арқылы расталады. Азаматтық хал актілерін тіркеу — азаматтардың өміріндегі маңызды өзгерістерді ресми түрде бекіту. Бұл тек қағаз жүзіндегі құқықтары мен  міндеттерін анықтауда үлкен маңызы бар. Мысалы, бала дүниеге келген кезде оның тууы туралы куәлігі тіркеледі. Туу туралы куәлік баланың жеке басын растайтын негізгі құжаттардың бірі болып саналады. Осы құжат  арқылы балаға қатысты көптеген мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Баланың дүниеге келуі-әр отбасы үшін үлкен қуаныш. Бірақ қуанышпен қатар ата-аналарға белгілі бір жауапкершілік те жүктеледі. Баланың тууын уақытында тіркеу қажет. Тіркеу кезінде баланың аты, тегі, әкесінің аты, туыған күні мен туған жері, сондай-ақ ата-аналары туралы мәліметтер енгізіледі. Бұл ақпараттардың дұрыс көрсетілуі өте маңызды, өйткені кейін сол мәліметтер басқа да ресми құжаттарда қолданылады.

Азаматтық хал актілерінің тағы бір маңызды түрі-неке қиюды мемлекеттік тіркеуден өткізу. Неке-екі адамның отбасын құру туралы шешімі ғана емес, сонымен қатар заңмен қорғалатын қарым-қатынас. Неке мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ерлі-зайыптылардың бір-біріне қатысты белгілі бір құқықтары мен міндеттері пайда болады. Сондықтан некені ресми түрде тіркеу отбасының құқықтық жағдайын анықтауда маңызды рөл атқарады.

Кейбір жағдайларда ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға тура келеді. Мұндай кезде некенің бұзылуы да заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Бұл әсіресе ортақ мүлік, балалардың жағдайы немесе басқада құқықтық мәселелер туындаған кезде маңызды. Яғни азаматтық хал актілерін тіркеу адамның өміріндегі тек жағымды оқиғаларда ғана емес, басқа да маңызды өзгерістерді заң жүзінде рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар азаматтық хал актілеріне бала асырап алу және әке болуды анықтау сияқты жағдайлар да жатады. Бала асырап алу кезінде баланың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріледі. Оның жаңа отбасы туралы мәліметтер тиісті тәртіппен рәсімделеді. Әке болуды анықтау баланың ата-анасы туралы мәліметтер тиісті тәртіппен рәсімделеді және құқықтық мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл баланың болашақтағы құқықтарын қорғау үшін қажет.

Адамның аты-жөнін өзгертуі де азаматтық хал актілерін тіркеумен байланысты болуы мүмкін. Кейбір адамдар жеке жағдайларына байланысты өз  атына, тегіне немесе әкесінің атына өзгеріс енгізгісі келеді. Мұндай өзгерістерді өз бетімен жасай салуға болмайды. Ол үшін заңда көрсетілген тәртіп сақталып, тиісті мемлекеттік органға өтініш беріледы. Өзгеріс енгізілгеннен кейін адамның басқа да құжаттарын сәйкестендіру қажет болады. 

Азаматтық хал актілерінің соңғы маңызды түрлерінің бірі-адамның қайтыс болғаны туралы мәліметті мемлекеттік тіркеуден өткізу. Бұл қайғылы жағдай болғанымен, оны да заң бойынша міндетті түрде рәсімдеу қажет. Қайтыс болу туралы мәліметтің тіркелуі мұрагерлік, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және басқа да құқықтық мәселелерді шешу кезінде қажет болуы мүмкін.

Қазіргі кезде мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрландырудың маңызы артып келеді. Бұрын көптеген мәселелерді шешу үшін азаматтар мемлекеттік мекемелерге барып, кезекте тұруға мәжбүр болатын. Қазір кейбір қызметтерді электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Бұл азаматтарға уақытты үнемдеуге және құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетуге көмектеседі.  

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтардың жеке мәліметтерімен жұмыс жүргізілетіндіктен, ақпараттың құпиялылығы мен дұрыстығына ерекше көңіл бөлінуі керек. Бір адамның құжатындағы қате кейін басқа құжаттарға да әсер етуі мүмкін. Мысалы, аты-жөніндегі немесе туылған күніндегі қате анықталса, оны түзету үшін қосымша уақыт пен құжаттар қажет болуы мүмкін. Сондықтан азаматтар өздерінің құжаттарын алған кезде  мәліметтерді мұқият тексергені дұрыс.

Менің ойымша, азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесінің қоғамдағы орыны өте маңызды. Себебі адамның өміріндегі көптеген құқықтық мәселелер осы тіркеуге байланысты болады. Егер адамның дүниеге келген, некеге тұрғаны немесе басқа да маңызды жағдайлары ресми түрде тіркелмесе, кейін оның құқықтарын дәлелдеу қиын  болуы мүмкін.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында қызмет көрсететін мамандардың жұмысы да үлкен жауакершілікті талап етеді. Олар азаматтардың өтініштерін қабылдап, құжаттарды тексеріп, қажетті мәліметтерді тіркейді. Бұл жұмыста мұқияттылық пен жауапкершілік талап етіледі. Себебі кез келген қате адамның жеке құжаттарына және оның құқықтарына әсер етуі мүмкін.

Жалпы алғанда, азаматтық хал актілерін тіркеу-күнделікті өмірде жиі кездесе бермегенімен, әр адамға тікелей қатысы бар маңызды сала. Әр азамат өмірінің белгілі бір кезіңінде осы қызметтерді пайдалануы мүмкін. Сондықтан олардың қалай жүргізілетінін білу әр адам үшін пайдалы деп ойлаймын.

Қортындылай келе, азаматтық хал актілерін тіркеу адамның өміріндегі маңызды оқиғаларды заңды түрде бекітетін мемлекеттік жүйе болып табылады. Оның көмегімен азаматтардың жеке және отбасылық құқықтары қорғалады, маңызды мәліметтер ресми түрде сақталады. Туу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту және қайтыс болу сияқты жағдайлардың барлығы  адамның құқықтық өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан азаматтық хал актілерін дұрыс әрі уақытында тіркеу-әр азаматтың жауапкершілігі ғана емес, қоғамдағы құқықтық тәртіптің  маңызды бөлігі.

Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А. Шахмурадов                                                                                      

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21
Жамбыл облысында Алматыға 43 келі марихуана тасымалдамақ болғандар ұсталды

Жамбыл облысында Алматыға 43 келі марихуана тасымалдамақ болғандар ұсталды

05.08.2026, 16:54

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.