• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

25 лауазымның төртеуінде ғана жаңа министр пайда болды. Бұл — Үкімет құрамының шамамен 16 пайызы жаңарып, 84 пайызы сақталды деген сөз.

turan_admin turan_admin
03.09.2026, 14:38
Қазақстан жаңалықтары
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?
78
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстанда Үкімет отставкаға кеткеннен кейін Министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталды. Кадрлық өзгерістер болады деген болжамдарға қарамастан, Үкімет құрамында айтарлықтай ауыс-түйіс болған жоқ. Премьер-Министрді қоса алғанда, Үкіметтегі 25 лауазымның төртеуінде ғана министр ауысты. Яғни жаңа Үкіметтің құрамы небәрі 16 пайызға жаңарды.

Үкімет неге отставкаға кетті?

28 тамызда Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Бұған дейін елде бір палаталы Құрылтай депутаттарының сайлауы өткен болатын.

1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституция Мәжіліс пен Сенаттың таратылып, олардың орнына бір палаталы Құрылтайдың құрылуын, сондай-ақ Құрылтай депутаттары сайланғаннан кейін Үкіметтің отставкаға кетуін қарастырған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда өткен сайлау күні де Үкімет құрамын жаңарту және алдағы кадрлық шешімдер туралы айтқан болатын.

Бектенов Премьер-Министр қызметінде қалды

Үкімет отставкаға кеткенімен, Олжас Бектенов Премьер-Министр қызметін сақтап қалды. Ол Үкімет басшысы қызметін 2024 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді және 2026 жылдың тамызында бұл лауазымға қайта тағайындалды.

Үкімет басшысының алты орынбасарының бесеуі де өз қызметтерін жалғастыратын болды.

Нұрлыбек Нәлібаев — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары. 50 жаста. Бұған дейін Қызылорда қаласының әкімі, Премьер-Министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі және Қызылорда облысының әкімі қызметтерін атқарған. Үкімет құрамына 2026 жылдың мамырында келді.

Ғалымжан Қойшыбаев — Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы. 58 жаста. Мемлекеттік аппарат, әкімшілік реформа, дебюрократиядан арылту, цифрландыру және заң жобалау жұмыстарын үйлестіреді. Бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді. Қазіргі тағайындау — оның осы қызметке төртінші рет қайта тағайындалуы.

Қанат Бозымбаев — Премьер-Министрдің орынбасары. 57 жаста. Өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су ресурстары және төтенше жағдайлардың салдарын жою мәселелеріне жетекшілік етеді. Вице-премьер қызметін 2024 жылдың наурызынан бері атқарады.

Серік Жұманғарин — Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі. 57 жаста. Макроэкономикалық, бюджеттік, салық және сауда саясаты, кәсіпкерлік пен инвестиция, қаржы секторы, агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары бағыттарын үйлестіреді. Премьер-Министрдің орынбасары қызметінде 2022 жылдың тамызынан бері келеді. Бұл — оның төртінші рет қайта тағайындалуы.

Жаслан Мәдиев — Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі. 43 жаста. Ол аталған қызметке екінші рет тағайындалып отыр.

Ал бұған дейін Премьер-Министрдің алтыншы орынбасары әрі Мәдениет және ақпарат министрі болған Аида Балаева Үкімет құрамынан кетті. Ол Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Төрт жаңа министр келді

Жаңа Үкімет құрамындағы негізгі өзгерістер төрт министрлікке қатысты.

Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 58 жастағы дипломат бұған дейін де үш жыл бойы Сыртқы істер министрлігін басқарған. Кейін Қазақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Енді ол араға бірнеше жыл салып СІМ басшылығына қайта оралды.

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болды. Ол да Үкімет үшін жаңа тұлға емес. Бұған дейін Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған, KAZENERGY қауымдастығын басқарған және Сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. 49 жаста. Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары, соңғы қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымда болды.

Төртінші жаңа министр — Мұрат Мұханов. 41 жастағы Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы болды. Тағайындалғанға дейін осы министрліктің аппарат басшысы қызметін атқарған.

Күштік блокта өзгеріс болған жоқ

Үкімет құрамындағы күштік ведомстволардың басшылары қызметтерін сақтап қалды.

Ержан Саденов Ішкі істер министрі қызметін жалғастырады. 57 жаста. Бұл лауазымда 2022 жылдың қаңтарынан бері жұмыс істейді.

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды. 56 жаста. Қорғаныс ведомствосын 2025 жылдың тамызынан бері басқарып келеді.

Қай министрлер орнында қалды?

Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік блогындағы министрлердің басым көпшілігі де қайта тағайындалды.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қызметтерін жалғастырады.

Сондай-ақ су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, қаржы министрі Мәди Такиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өз лауазымдарын сақтап қалды.

«Отставка» болды, бірақ үлкен кадрлық өзгеріс болған жоқ

Осылайша, Үкіметтің конституциялық тәртіппен отставкаға кетуі Министрлер кабинетінің түбегейлі жаңаруына әкелген жоқ.

Премьер-Министр Олжас Бектенов қызметінде қалды, вице-премьерлердің басым бөлігі қайта тағайындалды, негізгі министрліктердің жетекшілері де орындарын сақтап қалды.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzЖаңа ҮкіметОлжас Бектенов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Үкімет басшысының орынбасарлары ескі құрамда, қандай тағы тағайындаулар болуда

Үкімет басшысының орынбасарлары ескі құрамда, қандай тағы тағайындаулар болуда

03.09.2026, 11:16

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.