Азамат Күренкей прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы, Астана қалалары мен Алматы облысының прокуратура органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Ол Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры, Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Жаңа тағайындауға дейін Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында еңбек етті.







