• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.11.2026, 19:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда жыл басынан бері 3 мыңнан астам спорттық іс-шара өтті

Жамбыл облысында бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау және спорттық іс-шаралардың қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
31.10.2026, 17:37
Спорт
Жамбылда жыл басынан бері 3 мыңнан астам спорттық іс-шара өтті
12
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жыл басынан бері өңірде 3 215 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 347,8 мың адам қатысты. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұйымдастырылған іс-шаралардың қатарында тұрғындар арасында кеңінен танымал «Аула ойындары» мен «Көше ойындары» бар. Сонымен қатар түрлі кәсіби мерекелер мен атаулы күндерге орай бұқаралық спорттық жарыстар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік қызметші әйелдер арасында облыстық спартакиада ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Жастар нашақорлыққа қарсы» ұранымен Жамбыл облысының студенттері арасында «Jastar Fest-2026» облыстық фестивалі өтті. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасында облыстық спартакиада, мәдениет саласы мамандары арасында кіші футболдан облыстық турнир, «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» облыстық фестивалі ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де спорттық бәсекелерден тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, журналистер арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиада ұйымдастырылды.

Бұқаралық спорттық іс-шаралар 1 наурыз – Алғыс айту күні, Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және өзге де мерекелік күндер аясында жалғасын тапты. Мұндай бастамалар тұрғындардың спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, әртүрлі сала өкілдерінің басын қосып, салауатты өмір салтын ортақ құндылық ретінде қалыптастыруға ықпал етуде.

Өңірде бұқаралық спорттың дамуына спорт нұсқаушыларының жұмысы да оң әсерін тигізіп отыр. Қазіргі таңда облыс бойынша 290 спорт нұсқаушысының лауазымы енгізілген. Олардың басым бөлігі аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталықтарында тіркелген. Нәтижесінде шалғай елді мекендерде ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралардың саны артып, сапасы жақсарған. Сонымен қатар жарыстар мен спорттық белсенділіктерге қатысушылар қатары да көбейген.
Бүгінде облыста 80 спорт мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 56 мекеме облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты. Аталған мекемелерде 27 507 спортшы мен 1 136 жаттықтырушы тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл көрсеткіштер өңірдегі спорттық инфрақұрылым мен жаттықтырушылар әлеуетінің бұқаралық және кәсіби спортты дамытудағы маңызын айқындайды.

Балалар мен жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыру, әсіресе жазғы демалыс кезеңінде олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да назардан тыс қалған жоқ. Осы мақсатта басқармаға қарасты спорт мекемелерінде жаттықтырушылардың кезекті еңбек демалысына шығу кестесі әзірленіп, демалыс кезеңі кезектілікпен ұйымдастырылды. Бұл барлық жаттықтырушының бір мезгілде демалысқа кетуіне жол бермей, жаз мезгілінде де спортпен шұғылдануға ниетті балалармен жаттығу жұмыстарын үздіксіз жүргізуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар спорт мекемелері жазғы демалыс кестесіне көшіп, жаттығу сабақтарын ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде маусым, шілде және тамыз айларында облыс көлемінде жасөспірімдер мен жастар арасында 756 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 37 652 бала қамтылды.

Балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу мақсатында сауықтыру лагерлерінде де спорттық бағдарламалар жүзеге асырылды. Басқарма тарапынан облыс аумағындағы 6 сауықтыру лагерінде демалушыларға арналған спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспар аясында жаз бойы аталған лагерлерде 52 спорттық іс-шара өткізіліп, 2 309 бала қатысты.

Осылайша, Жамбыл облысында бұқаралық спортты дамыту жұмыстары жыл бойы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Тұрғындардың әртүрлі санатын спортқа тарту, шалғай елді мекендердегі спорттық белсенділікті арттыру және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бағытындағы бастамалар өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыруға негіз болып отыр.

 

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Бұқаралық спортЖамбыл облысыкөрсеткіштер
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Ербол Қарашөкеев ұлттық құрама бапкерлерімен жүздесті

Ербол Қарашөкеев ұлттық құрама бапкерлерімен жүздесті

04.11.2026, 15:47
Жамбылда 4 мыңнан астам бала тегін спорт секцияларына қатысады

Жамбылда 4 мыңнан астам бала тегін спорт секцияларына қатысады

03.11.2026, 10:37
Жамбылда 3,5 млрд теңгені құрайтын Футбол академиясын салу жоспарлануда

Жамбылда 3,5 млрд теңгені құрайтын Футбол академиясын салу жоспарлануда

01.11.2026, 16:49
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

«Цифрлық инклюзия: тең мүмкіндік» облыстық байқауы өтті

12.11.2026, 10:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.