• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда мемлекеттік қызметтердің 97,8 пайызы электронды форматта көрсетілген

Мемлекеттік қызметтерді алу бүгінде бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл әрі қолжетімді бола түсті.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
20.07.2026, 22:14
Абырой
Жамбылда мемлекеттік қызметтердің 97,8 пайызы электронды форматта көрсетілген
108
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Цифрлық сервистердің кеңінен енгізілуі тұрғындардың уақытын үнемдеп, қағаз құжат айналымын азайтуға мүмкіндік беруде. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматта көрсетіліп, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіну көрсеткіші төмендеп келеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтерді 21 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшесі, 16 облыстық басқарма, Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының жергілікті атқарушы органдары және мемлекеттік ұйымдар көрсетеді.

Өңірде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 373 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді. Оның 197-сін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, 176-сын жергілікті атқарушы органдар ұсынады.

2026 жылдың алғашқы алты айында облыс бойынша барлығы 7 458 152 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 7 016 180 қызмет жергілікті атқарушы органдарға, 441 972 қызмет орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне тиесілі.

Есепті кезеңде көрсетілген қызметтердің 7 299 800-і электронды форматта ұсынылды. Бұл жалпы көрсетілген қызметтердің шамамен 97,8 пайызын құрайды. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар 6 935 797, ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері 364 003 электронды қызмет көрсетті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде электронды форматта 7 133 083 қызмет көрсетілген болатын. Осылайша, биыл электронды қызметтер саны артқан.

Сонымен қатар, баламалы түрде қағаз форматында 145 113 қызмет көрсетілді. Оның 77 754-і жергілікті атқарушы органдарға, 67 359-ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне тиесілі. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 122 400 қызметті құраған болатын.

Ал мемлекеттік органдарға азаматтардың тікелей жүгінуі арқылы қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны азайған. Биылғы алты айда мұндай форматта 9 009 қызмет көрсетілсе, оның 342-сі жергілікті атқарушы органдар, 8 667-сі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арқылы ұсынылды.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылдың осы кезеңінде тікелей қағаз форматында 13 239 қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіш тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуға көбірек көшкенін және цифрлық сервистердің қолданыс аясы кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Департаменттің мәліметінше, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, артық әкімшілік рәсімдерді қысқарту және қызметтердің электронды үлесін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Жамбыл облысымемлекеттік қызметэлектронды формат
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.