• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда 628 күмәнді интернет-парақша анықталды

Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуында интернет кеңістігінің ықпалы артып келеді. Осыған байланысты Жамбыл облысында әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформаларға тұрақты мониторинг жүргізіліп, радикалды идеологияның алдын алу және тұрғындардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілген.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
19.07.2026, 22:09
Абырой
Жамбылда 628 күмәнді интернет-парақша анықталды
32
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының мәліметінше, өңірде Instagram, Facebook, TikTok, Threads, Telegram, YouTube және өзге де интернет-платформалардағы діни сипаттағы ақпараттар күнделікті зерделенеді. Мониторинг барысында радикалды және экстремистік идеологияны насихаттайтын, деструктивті діни ағымдардың белгілері бар материалдар анықталып, арнайы ақпараттық жүйелер арқылы талдаудан өткізіледі. Қажет болған жағдайда олар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.

Мониторингпен қатар интернет кеңістігінде радикалды идеологияға қарсы баламалы ақпараттық орта қалыптастыруға басымдық берілуде. Әсіресе жастар жиі пайдаланатын Instagram, Facebook, TikTok және Threads желілерінде зайырлы қоғам құндылықтарын, дәстүрлі рухани-адамгершілік қағидаттарды және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық контент тұрақты жарияланып келеді.

Жыл басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 367 қысқа бейнеролик, 284 инфографика және 21 ақпараттық-танымдық мақала жарияланды. Сонымен қатар қоғам белсенділері, спорт және мәдениет саласының танымал өкілдерінің қатысуымен 18 подкаст әзірленіп, интернет пайдаланушылары арасында кеңінен таратылды.

Қазіргі таңда қарсы насихат жұмыстары жүргізілетін 11 ресми әлеуметтік желі парақшасының жалпы аудиториясы 43 524 оқырманды құрайды. Осы жылы жарияланған материалдар 227 379 қаралым, 6 576 лайк, 968 пікір, 1 830 репост және 437 сақталым жинаған. Бұл көрсеткіштер тұрғындардың профилактикалық ақпаратқа қызығушылығы артып келе жатқанын аңғартады.

Интернет кеңістігіндегі теріс діни контентті анықтау үшін «Талдамалық интернет карта», «Кибербақылау» және «Контр» ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері кеңінен қолданылуда. Мониторинг барысында интернетте еркін қолжетімді 628 күмәнді интернет-парақша анықталған.

Басқарма дерегінше, «Талдамалық интернет карта» ақпараттық жүйесінде 2026 жылдың басында деструктивті діни контентке тіркелген пайдаланушылар саны 40 184 адам болған. Жүргізілген мониторингтік және профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде бұл көрсеткіш 10 330 адамға азайып, қазіргі уақытта 29 854 адамды құрап отыр.

Өңірде интернет мониторингімен қатар деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтарды оңалту жұмыстары да жалғасуда. Теологиялық, психологиялық және ақпараттық-түсіндіру шараларының нәтижесінде биыл 48 азамат радикалды көзқарастан бас тартып, қоғамға қайта бейімделген.

Мамандардың айтуынша, интернет кеңістігіндегі тұрақты мониторинг, қарсы насихат және оңалту жұмыстары радикалды идеологияның таралуын тежеуге, азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін нығайтуға және қоғамда діни экстремизм мен терроризмге қарсы орнықты қоғамдық иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: интернет-парақшаинфографикаТалдамалық интернет карта
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.