• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.10.2026, 00:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының тұрғындарына жасанды интеллект алаяқтығынан қорғану жолдары түсіндірілді

Жамбыл облысында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «АФМ Online 2026 – қаржылық қауіпсіздік тренингі» атты ауқымды форум өтті.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
29.06.2026, 23:55
Абырой
Жамбыл облысының тұрғындарына жасанды интеллект алаяқтығынан қорғану жолдары түсіндірілді
59
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Білім басқармасы бірлесе ұйымдастырған бұл шараға Тараз қаласының ұстаздары, бюджеттік сала қызметкерлері, қоғамдық бірлестік өкілдері мен зейнеткерлер қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты — азаматтарды жасанды интеллект пен дипфейк технологияларын қолданатын алаяқтардың жаңа айла-амалдарынан қорғау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру болды.

Спикерлер өз сөзінде киберқылмыстың жаһандық және отандық деңгейде қарқынды өсіп жатқанына тоқталып, бірнеше деректерді алға тартты. Мәселен, әлемде дипфейк саны соңғы бірнеше жылда миллиондап артып, қаржылық шығындар миллиардтаған долларды құрап отыр. Кездесуде халықаралық тәжірибеден мысал келтіріліп, Гонконгта компания қызметкері жасанды интеллект арқылы жасалған цифрлық клондар қатысқан онлайн жиыннан кейін алаяқтарға 25 миллион доллар аударып жібергені айтылды. Ал Қазақстанда тек 2025 жылдың ішінде интернет-алаяқтық бойынша 20 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалып, келтірілген шығын көлемі 16 миллиард теңгеден асқан. Мамандар ел ішінде жиі кездесетін негізгі алаяқтық схемаларды егжей-тегжейлі талдап берді. Олардың қатарында әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың атын жамылып, фейк парақшалар арқылы ақша бопсалайтын «романтикалық алаяқтық», желідегі ашық мәліметтерді пайдаланып, жасанды интеллект көмегімен туыстардың дауысы мен бейнесін салып қоңырау шалатын «жақыныңыз көмек сұрайды» әдісі және белгілі саясаткерлер мен медиа тұлғалардың бейнесін бұрмалап, ірі жобалардан жоғары табыс уәде ететін жалған инвестициялық жарнамалар бар.

Қазіргі уақытта дипфейкті роботизацияланған келбет, көзді тым жиі немесе мүлдем жыпылықтатпау, бетке көлеңкенің табиғи емес түсуі, бет пен мойын шекарасының бұлдырауы және шаштың қимылсыздығы сиясті визуалды белгілер арқылы анықтауға болады. Дегенмен, технология дамыған сайын бұл кемшіліктер жойылатындықтан, мамандар ақпараттың мазмұнына мән беру қажеттігін ескертті. Мәселен, құқық қорғау органдары ешқашан криптоволюта ұсынбайтынын, ал банк басшылары желіде жеке жарнама жасамайтынын есте сақтаған жөн. Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардан қорғану үшін отбасымен өзара құпия кодтық сөз бекітуді, күмәнді қоңырау кезінде тұтқаны қойып, туысының өз нөміріне қайта хабарласуды, асығыс шешім қабылдамай, ойлануға 10 минут уақыт алуды, мессенджерлердегі профиль суреті мен мәртебені шектеуді және бейтаныс жандарға дауыстық хабарлама мен жеке фото-видеоларды жібермеуді ұсынады. Форум соңында Тараз қаласының білім беру мекемелерінің өкілдері жастарды күмәнді схемалар мен дропперліктен қорғау мәселесін көтеріп, тренинг материалдарын аймақтағы барлық мектептер мен колледждерге таратуды өтінді. Бұл жұмыстар облыстық Білім басқармасының қолдауымен жақын арада іске асырылатын болады.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: алаяқтықЖИ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Маңғыстауда оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Маңғыстауда оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

27.09.2026, 11:49
Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.