• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында тұрғындарға құқықтық кеңес берілді

Жамбыл облысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған «Заң мен Тәртіп» профилактикалық керуені өз жұмысын жалғастыруда.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
20.06.2026, 21:04
Абырой
Жамбыл облысында тұрғындарға құқықтық кеңес берілді
125
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл жолы көшпелі акция Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында өтті.

Бұл бастама көшпелі кеңес беру форматында жүзеге асырылуда. Соның арқасында аймақ тұрғындары мемлекеттік органдардың ғимараттарына бармай-ақ, білікті заңгерлік көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

— Жобаның басты міндеті — құқықтық көмекті өңірдің әрбір тұрғынына, әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын жандарға барынша қолжетімді ету. Құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқықтық мәдениет деңгейін көтеруге және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінуде, — деді Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Оспанов.

Мобильді топтың құрамына әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, қоғамдық қауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің, киберполиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірді. Мұндай ведомствоаралық тәсіл азаматтардың өтініштерін жан-жақты қарауға және туындаған мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мамандар қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді және азаматтарға нақты өмірлік жағдайларды шешуге көмектесті. Тұрғындар тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелері, көші-қон заңнамасы, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, мүліктік мәселелер мен цифрлық қауіпсіздік сияқты кең ауқымды тақырыптар қозғалды.

Керуен жұмыс істеген бір күннің ішінде облыс орталығының 100-ден астам тұрғыны кеңес алды. Барлық өтініштер жеке-жеке қаралып, мәселені шешудің ықтимал жолдары мен практикалық ұсынымдар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Тұрғындар бұл форматтың өте ыңғайлы екенін, сұрақтарға бірден әрі қысқа мерзімде жауап алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жұмыстың маңызды бөлігі — кері байланыс: мамандар жиі қойылатын мәселелерді түртіп алып отырады. Бұл жергілікті жерлердегі жағдайды талдауға және алдын алу жұмыстарын реттеп отыруға септігін тигізеді. Мұндай тәсіл халықтың нақты сұраныстарын дәлірек анықтауға көмектеседі және мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылының тиімділігін арттырады.

— «Заң мен Тәртіп» профилактикалық керуені Жамбыл облысының елді мекендерінде жұмысын одан әрі жалғастырады. Алдағы уақытта жаңа сапарлар жоспарланған, оның аясында тұрғындар әртүрлі мәселелер бойынша кәсіби кеңестер ала алады. Бұндай бастамалар халық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ өңірде қауіпсіз әрі құқықтық сауатты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді, — деп толықтырды Әсет Оспанов.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.