• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында су шаруашылығын цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу қарқынды жүріп жатыр

Жамбыл облысында су ресурстарын тиімді пайдалану, су шаруашылығы инфрақұрылымын модернизациялау және саланы толық цифрлық рельске көшіру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
04.08.2026, 18:00
Қазақстан жаңалықтары
Жамбыл облысында су шаруашылығын цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу қарқынды жүріп жатыр
12
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы өңірдегі су тапшылығының алдын алу мен аграрлық секторды сумен тұрақты қамтамасыз етуде озық технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді өндіріске белсенді түрде енгізіп келеді.

Су ресурстарын басқарудың ашықтығын арттыру және су пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың өндірістік бөлімшелерінде халыққа арналған 10 өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Тұрғындар бұл орындарда су пайдалану қызметтерін электронды форматта алып, биллинг жүйесіне өз бетінше тіркеледі және мемлекеттік қызметтерді онлайн ресімдейді. Қазіргі таңда шаруалармен жасалатын келісімшарттар алғаш рет толықтай электронды форматта жүргізілуде. Бұл жаңашылдық қағазбастылықты жойып, қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартты.

Суды шығынсыз әрі әділ бөлуде автоматтандырылған есепке алу жүйелері негізгі құралға айналуда. Талас өзенінде, Луговой бұрма каналында (ЛОК), Базарбай магистральды каналында және Ферғана оң жағалау каналында (ФОК) суды есепке алу толықтай автоматтандырылған. Сонымен қатар, облыстағы 86 ирригациялық арнаны автоматтандыру жобасы аясында тиісті жұмыстар жалғасуда.

Халықаралық қаржы институттарының, соның ішінде Ислам даму банкінің (ИДБ) қаржыландыруымен реконструцияланатын 71 арнаға техникалық тексеру жүргізіліп, онда суды есепке алу мен мониторингтің цифрлық жүйелері енгізілуде. Бұл ауқымды инфрақұрылымдық жобалар Байзақ (17 жоба), Шу (42 жоба), Сарысу (10 жоба) және Талас (1 жоба) аудандарында кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Сонымен бірге Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) есебінен Жамбыл, Байзақ, Шу және Сарысу аудандарында тағы 13 жоба жүзеге асырылуда.

Стратегиялық маңызы бар гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруда заманауи технологиялар кеңінен қолданылады. Ақкөл және Тасөткел бөгеттерінде, сондай-ақ Теріс-Әщыбұлақ су қоймасында үздіксіз бейнебақылау жүйелері орнатылған. Бұл нысандардың жағдайын тәулік бойы қашықтан бақылап, қауіпсіз әрі сенімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, цифрлық технологияларды сәтті меңгеретін жаңа буын мамандарын даярлау мен кадрлық потенциалды нығайту басты назарда. Филиалда 216 студент өндірістік тәжірибеден өтіп, гидротехникалық нысандарда заманауи құрылғылармен жұмыс істеуді меңгеруде. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің 71 студенті үшін арнайы оқу-практикалық экскурсиялар ұйымдастырылып, өндірістік үдеріспен танысуға жағдай жасалған. «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де шешімін табуда.

Филиал цифрландыруды, суды есепке алудың заманауи жүйелерін және автоматиканы өндіріске енгізе отырып, өңірдегі аграрлық секторды сумен тұрақты қамтамасыз етуді және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруды жүйелі түрде жалғастыруда.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Су шаруашылығыцифрландыру
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.