• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы және ықтимал жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу медициналық ұйымдар жұмысының маңызды бағыты болып қала береді.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
16.07.2026, 18:17
Абырой
Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
36
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осы орайда Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және профилактикалық шараларды жетілдіру мәселелері қаралған аппараттық кеңес өтті.

Басқарма басшысы Сержан Назарбектің төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындауына ықпал ететін факторларды анықтау және жүйелі түрде алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Басқарма басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, ішкі талдау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуі және тек проблемалық аймақтарды анықтаумен шектелмей, заң бұзушылықтарға әкеп соғатын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталуы тиіс екенін жеткізді.

Кеңес барысында медициналық ұйымдар басшыларының заңнама талаптарын сақтау және жұмыс процестерінің ашықтығын қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәурен Омаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістерді түсіндіріп өтті.

Жиынға қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптары таныстырылып, ұйымдардағы комплаенс-қызметтердің жұмысын одан әрі дамыту мәселелері сөз болды. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде ішкі бақылауды күшейту, заңдылықты қатаң сақтау және жемқорлық көріністерінің алдын алу механизмдерінің тиімділігін арттыру мәселелері де егжей-тегжейлі талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл талаптардың орындалуына емдеу мекемелерінің басшылары дербес жауапты болатыны ескертілді.

Сонымен қатар, алдын алу жұмыстарын күшейту, комплаенс-қызметтердің жұмысын жетілдіру және белгіленген талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс медициналық ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыруға, халықтың сенімін нығайтуға және денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.