• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
18.11.2026, 00:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында 2,5 ГВт жасыл энергия өндіру жоспарлануда

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту – бүгінгі энергетика саласындағы маңызды бағыттардың бірі. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, электр энергиясын өндіру көздерін әртараптандыру және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
03.11.2026, 11:16
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында 2,5 ГВт жасыл энергия өндіру жоспарлануда
17
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл ретте табиғи әлеуеті мол Жамбыл облысы еліміздегі жасыл энергетиканы дамыту ісінде өзіндік орны бар өңір ретінде қалыптасып келеді. Соңғы жылдары мұнда күн, жел және су энергиясын өндіруге бағытталған бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып, алдағы кезеңге де ауқымды инвестициялық жоспарлар белгіленген.

Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарын салу жұмыстары 2010 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Саладағы өсімді жылдар бойынша салыстырғанның өзінде айқын байқауға болады. Мәселен, 2010 жылы жалпы қуаты небәрі 2 мегаватт болатын 2 нысан пайдалануға берілсе, 2015 жылы олардың саны 9-ға жетіп, жиынтық қуаты 114 мегаватты құрады. Ал 2021 жылы өңірдегі 17 нысанның жалпы қуаты 387,8 мегаватқа дейін өсті.

Кейінгі жылдары бұл көрсеткіш одан әрі жақсара түсті. 2024 жылы облыстағы жаңартылатын энергия көздері нысандарының саны 22-ге, ал жалпы қуаты 571,3 мегаватқа жетті. Қазіргі таңда өңірде осы қуатпен жұмыс істеп тұрған 22 нысан бар. Оның ішінде 6 су электр станциясының қуаты – 24,4 МВт, 10 жел электр станциясының қуаты – 275,65 МВт, ал 6 күн электр станциясының қуаты 271,25 МВт-ты құрайды. Бұл деректер облыстың энергетикалық әлеуетінде жел мен күн энергиясының үлесі басым екенін көрсетеді.

Жалпыұлттық көрсеткіштермен салыстырғанда да Жамбыл облысының жетістігі айрықша. Қазақстан бойынша жалпы қуаты 3 749,6 мегаватт болатын 172 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейді. Соның 22-сі Жамбыл облысында орналасқан. Өңірдің бұл салада алдыңғы қатардан көрінуі кездейсоқ емес. Табиғи-климаттық ерекшеліктері, жел дәліздерінің әлеуеті мен күн сәулесінің мол түсуі жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастырып отыр.

Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нәтижесінде облыста бірнеше маңызды энергетикалық жоба іске қосылды. Соның бірі – 2021 жылы пайдалануға берілген «Жаңатас» жел электр станциясы. Құны 49 млрд теңгені құрайтын нысанның қуаты 100 мегаваттқа тең. Бұл жоба өңірдің жел энергетикасындағы мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, электр энергиясын өндірудің баламалы көздерін дамытуға серпін берді.

Сол жылы «Тасөткел» су қоймасындағы қуаты 9,2 мегаватт болатын су электр станциясының екінші кезегі де іске қосылды. Ал 2022 жылы Жамбыл ауданында қуаты 50 мегаватт «AEC ASA» күн электр станциясы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Талас ауданында әрқайсысының қуаты 4,5 мегаватт болатын «Шенгелді», «Шенгелді-2» және «Новатэкс ЖЭС» жел электр станцияларының құрылысы жүзеге асырылып, олардың жиынтық қуаты 13,5 мегаватты құрады.

Энергетикалық жобаларды іске асыру қарқыны 2024 жылы да жалғасын тапты. Атап айтқанда, Сарысу ауданында қуаты 100 мегаватт болатын «Шоқпар» жел электр станциясы жобасының құрылысы аяқталды. Осылайша, соңғы жылдары қолға алынған бастамалар облыстың жаңартылатын энергия көздері саласындағы өндірістік қуатын едәуір арттырды.

Дегенмен өңір қол жеткізген нәтижелермен шектелмек емес. Алдағы жылдары энергетикалық әлеуетті жаңа деңгейге көтеретін екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның біріншісі – Францияның Total Eren компаниясы Мойынқұм ауданында салуды көздеген қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциясы. Жобаны 2028 жылы іске асыру жоспарланған.

Екінші ауқымды бастама Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar компаниясымен байланысты. Компания Сарысу және Талас аудандарында қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Бұл жобаны 2029 жылы жүзеге асыру көзделген. Халықаралық компаниялардың өңірге инвестиция салуға ниет білдіруі Жамбыл облысының жасыл энергетика бағытындағы әлеуетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады.

Белгіленген жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай облыстағы жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуатын 2,5 гигаватқа дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл мақсат өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртып, электр энергиясын өндіруде баламалы көздердің үлесін арттыруға бағытталған.

Жамбыл облысының жасыл энергетиканы дамытудағы келесі маңызды бағыты – халықаралық ынтымақтастық. Әсіресе Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және технологиялық әріптестікті тереңдету бұл салада жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Заманауи технологияларды енгізу, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және озық тәжірибені пайдалану өңірдің энергетикалық дамуына тың серпін бере алады. Осы тұрғыдан алғанда, Жамбыл облысы халықаралық серіктестермен байланыс орнатуға, инвестициялық бастамаларды қолдауға және өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Мұндағы басты мақсат – энергетикалық инфрақұрылымды жетілдірумен қатар, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және ұзақ мерзімді экономикалық өсімге негіз қалау.

Жалпы, Жамбыл облысының жаңартылатын энергия көздері саласындағы даму жолы нақты көрсеткіштер мен жүзеге асқан жобалар арқылы айқындалып отыр. Бір кездері қуаты 2 мегаватт болатын екі нысаннан басталған сала бүгінде 571,3 мегаваттық көрсеткішке жетті. Ал алдағы ірі инвестициялық жобалар жүзеге асса, өңірдің энергетикалық картасында жаңа белес қалыптаспақ.

Жасыл энергетикаға бетбұрыс – электр қуатын өндірудің баламалы тәсілі емес, сонымен бірге экономиканы әртараптандыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және болашақ ұрпақ үшін экологиялық қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған стратегиялық таңдау. Жамбыл облысының осы бағыттағы бастамалары өңірді еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің жетекші орталықтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

 

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды



Тегтер: ЖЭКИнвестициялық жобаэнергия өндіру
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:53
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейқұт Жамангозов: «Халық үні — менің бағдарламамның негізі»

17.11.2026, 23:55

Айман Ашимова: «Тұрғындар тілегі басты назарда»

17.11.2026, 23:37

Жамбылда 116 инвестициялық жоба жүзеге асады: «Әділет» кандидаттары өндіріс ұжымымен кездесті

17.11.2026, 18:29

«Ақ әжелер ізімен» облыстық жобасының үздіктері анықталды

17.11.2026, 17:41

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.