1. ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА
Ауыл тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға, баспанаға қолжетімділікті арттыруға және тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ықпал етеміз. Тұрғын үй-коммуналдық төлемдерін өтеуге мұқтаж адамдарға қолдау көрсетеміз.
2. КОММУНАЛДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ. АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЖОЛ
Ауыз сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту, су құбыры желілерінің тозу деңгейін төмендету және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүргіземіз.
Жергілікті маңызы бар нормативтік талаптарға сай жолдардың үлесін кезең-кезеңімен арттырамыз. Атап айтқанда, Үлкен Сұлутөр ауылында – 2,056 км, Көктөбе ауылында – 3,975 км, Сұлутөр ауылында – 3,112 км көше жолдары орта жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Отар – Сұлутөр – Көктөбе автомобиль жолының 43,85–59,55 шақырым аралығына орта жөндеу жүргізіледі.
3. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық береміз. «Ауыл аманаты» жобасы аясында бюджеттік микрокредиттер беру арқылы тұрғындардың бизнес-жобаларын жүзеге асыруына жағдай жасаймыз. Шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, кәсіптік оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына ықпал етеміз.
4. БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, білім сапасын арттыруға және балаларға қолайлы жағдай жасауға күш саламыз.
Атап айтқанда:Ноғайбай ауылындағы Р. Құнакова атындағы №55 орта мектеп, Үлкен Сұлутөр ауылындағы М. Қозыбаев атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі.
Балалар ойын және спорт алаңдарын дамытуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп түлектерін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға басымдық береміз.
5. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырамыз.
Емханаға қосымша ғимарат салу мәселесін шешуге ықпал етеміз. 2031 жылға дейін медицина саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстарын қолдаймыз.
6. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ
Ауылдық жерлердегі мәдени және спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз.
Үлкен Сұлутөр ауылында 90 орындық мәдениет үйі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жоспарлап отырмыз.
Мәдени іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп, ұлттық спорт түрлерін дамытуға, балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасаймыз.
7. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ
Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және отандық өнім көлемін арттыруға басымдық береміз. Инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Суармалы жерлердің көлемін арттырып, 2031 жылға қарай тамшылатып және жаңбырлатып суару сияқты су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейтеміз.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында бюджеттік микрокредиттер беру арқылы ауыл тұрғындарының бизнес-жобаларын жүзеге асыруына жағдай жасап, ауылдық жерлердегі экономикалық белсенділікті арттырамыз.
8. «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН». АУЫЛДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, қоқыс жинау және шығару жүйесін жақсарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргіземіз. Тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық демалыс орындарын қалыптастырамыз.
Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуға ықпал етеміз. Қордай ауданының негізгі автожолдарындағы ұялы байланыс қамтылмайтын аймақтарды жою мақсатында республикалық автожолдар бойына антенна-діңгекті құрылыстар орнатуды қолдаймыз.
Ауылдық мекемелерді цифрландыруға, электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік осал топтарға мемлекеттік қызметтерді қолайлы ортада ұсынуға басымдық береміз.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.Ашимова.
№13 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







