Отандық өнім өндірушілерді қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және еңбек адамдарының мүддесін қорғау – «Әділет» партиясының Жамбыл облысына арналған 2026–2031 жылдардағы сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттары. Бұл басымдықтар «Dana-Del» тігін фабрикасының еңбек ұжымымен өткен кездесуде таныстырылды.
Кәсіпорынға барған партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Болатбек Уалихан Болатбекұлы мен Оралхан Дәуіт Абдрашұлы фабрика қызметкерлерімен кездесіп, «Әділетті болашақ үшін» өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерін түсіндірді.
Жүздесу барысында өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру, отандық кәсіпорындардың дамуына жағдай жасау, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.
Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 27,2 пайызға, орта бизнестің үлесін 5,6 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Кандидат Болатбек Уалихан кәсіпкерлікті қолдау жергілікті өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономикалық белсенділіктің артуына ықпал ететінін атап өтті.
Ауылдық аумақтардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау да назардан тыс қалмаған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5,2 мың жеңілдікті микрокредит беру, ал «Іскер аймақ» бағдарламасы шеңберінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кемінде 500 кәсіпкерлік жобасына қолдау көрсету көзделген.
Жұмыспен қамту бағытында да нақты межелер белгіленген. 2031 жылға дейін облыста 116 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 63,1 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы кандидат Оралхан Дәуіт кездесу барысында айтты.
Кандидаттар өндіріс орындарының тұрақты дамуы өңір экономикасының нығаюына ғана емес, тұрғындардың табысын арттыруға және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге де жол ашатынын жеткізді. Кездесу барысында фабрика қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, партияның өңірлік бағдарламасындағы міндеттер бойынша түсініктеме берілді.
Отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және еңбек адамының мүддесін қорғау – өңірдің болашағына бағытталған маңызды таңдау. 29 қараша күні сайлауға қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз! Жамбыл облысының дамуы мен әділетті болашағы үшін «Әділет» партиясына дауыс беріңіз!
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.







