Жамбылдық спортшы Любовь Юн Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді.
Отандасымыз таеквондодан 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Любовь Юн халықаралық додада өңір намысын абыроймен қорғап, жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды







