ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Боранбаев Нұржан Қанайұлы Тараз қаласы прокуроры қызметінен босатылып, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Нұржан Боранбаев 1976 жылы 2 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында туған. Отбасылы.
1999 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған.
Прокуратура органдарында 2000 жылдан бастап 23 жылдан астам қызмет атқаруда.
Еңбек жолында Тараз қаласы прокурорының көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма бастығы, Мақтаарал және Сарыағаш аудандарының прокуроры, Бас прокуратураның 2-қызметінің басқарма прокуроры, Түркістан облысының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы, 2023 жылдан Тараз қаласы прокуроры болып қызметтерін атқарған.






