• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Талас ауданында 1100-ден астам тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды

Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасап, аудандағы еңбек нарығы мен жастар саясатының ағымдағы жағдайын таныстырды.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
14.06.2026, 20:16
Абырой
Талас ауданында 1100-ден астам тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды
31
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінгі таңда Талас ауданында жалпы халық санының 30,8 пайызын құрайтын 14 354 жас тұрады. Олардың 9 490-ы қалада, ал 4 864-і ауылдық округтерде тіркелген. Бұл ретте экономикалық белсенді жастардың саны 8 679 адамды құрап отыр. Жастарды қолдау мен еңбекке тарту мақсатында ауданда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нақтырақ айтсақ, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында 337 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, жұмысқа орналасты. Оның ішінде 176 жас тұрақты жұмыс орындарына жолдама алса, 47-сі «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 74-і қоғамдық жұмыстарға және 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды. Сондай-ақ, жастардың кәсіби біліктілігін арттыру мен кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша 16 жас, ал «Skills.enbek» платформасында онлайн форматта 19 жас оқудан өтті.

Жалпы алғанда, ауданда Қазақстан Республикасының «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1 141 адам тұрақты жұмыспен және жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, жылдық жоспар (3 058 адам) 37,3 пайызға орындалды. Нақтырақ айтқанда, 5 айдың қорытындысы бойынша 509 адам тұрақты жұмысқа орналасса (жоспар — 1552), 47 адам жастар практикасымен (жоспар — 200), 12 адам әлеуметтік жұмыс орнымен (жоспар — 25) қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 308 тұрғын тартылып, бұл бағыттағы жоспар (350) мәресіне жақындады. Ал егде жастағы азаматтарды қолдайтын «Күміс жас» жобасы аясында 49 адам (жоспар — 60) еңбекке араласты. Сондай-ақ, өз ісін бастау мен біліктілікті арттыру мақсатында онлайн оқытумен 101 адам (жоспар — 179), «Бастау-Бизнес» жобасымен 56 азамат (жоспар — 259) қамтылса, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы аясында 59 адам (жоспар — 313) жұмысқа тұрды. Сонымен қатар, ағымдағы жылға жоспарланған кәсіптік оқыту, жұмыс орнында кәсіптік оқыту және қайтарымсыз гранттар (жоспарда тиісінше 40, 20 және 60 адам) беру жұмыстары алдағы уақытта іске асырылатын болады. Сондай-ақ ауданда халықты әлеуметтік қолдау шаралары да уақытылы жүргізілуде: 2026 жылы әлеуметтік көмек түрлерін төлеуге 372,0 миллион теңге жоспарланса, жылдың алғашқы 5 айында оның 74,5 миллион теңгесі нақты тағайындалып, төленді.

Мұнымен қоса, ауданда жұмыссыз, NEET және маргиналды санаттағы жастарды анықтау мақсатында арнайы тізімдер тұрақты түрде жаңартылып отырады. Осы бағытта республикалық базадан келген 239 жасқа қатысты адресаттық талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жас буынның бос уақытын тиімді пайдалану мәселесі де басты назарда. Жыл басынан бері ауданда әртүрлі бағыттар бойынша жалпы саны 647 іс-шара ұйымдастырылып, оған 8 000-ға жуық жас белсенді түрде қатысты. Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков өз баяндамасында бұл көрсеткіштер өңірдегі тұрғындар мен жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және оларды жұмыспен қамту шараларының жүйелі жүзеге асып жатқанына дәлел екенін атап өтті.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: еңбек адамыжұмыспен қамту
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.