• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:52
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тәуелсіз сот ел тірегі

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

turan_admin turan_admin
27.11.2023, 11:54
Абырой
Қаралған қылмыстық істер саны артуда
147
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың сот билiгiн иеленуге құқығы жоқ.

2000 жылы судьялардың тәуелсіздігіне кепілдік беретін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

Конституциялық заңмен судьялардың сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз екені және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынатыны айқындалған.

Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде жария етілді. Мұндай мемлекеттерде адам құқықтары мен бостандықтары талқыға түскен шақта тағдырының шешілер жері де, жаза атаулының кесілер жері де — сот. Соттың әрбір шешімінің артында адам тағдыры тұр, ғапыл дүниеде адам мен оның өмірінен қымбат құндылық жоқ. Біздің Ата Заңымызда да дәл осылай жазылған. Сондықтан сот төрелігін жүргізетін судьялардың, бабалар тілімен айтсақ, бүгінгі билердің мәртебесі арнайы заңмен айқындалды.

Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі сот жүйесінің кешегі жаңғыруы мен бүгінгі дамуы көз алдымызда және ертеңгі күнге деген мақсаты айқын, сенімі кәміл. Мемлекетті мемлекет ететін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын қадағалап, әділдік принциптерін жүзеге асыратын орган — сот жүйесі.

Баршамызға белгілі, сот мемлекетпен бірге пайда болды. Өткенге көз жүгіртсек, 1991 жылы мемлекет тәуелсіздігін жариялағаннан кейін басталған саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құру процесі негізінде елімізде ұлттық-құқықтық жүйе қалыптасып, сот реформасы жүргізілді.

1991-2023 жылдар аралығында жүргізілген реформалар дербес сот билігінің қалыптасуы мен орны­ғуына, сот жүйесінің ұйымдық негіз­дері­нің дамуына, оны кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуді жетілдіруге, демо­кра­тиялық, құқықтық мемлекеттің заңды­лық негізін бекітудің қажетті алғы­шарттары ретінде соттың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталды. Республиканың сот жүйесі осы жылдар аралығында құқықтық мем­лекеттің стандарттарына сай келетін шынайы тәуелсіздікке қарай қарқынды қадам басты. Сот жүйесінде болған түбегейлі өзгерістер баршаның сотқа қолы жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген тұлғалардың өз құқықтарын сот арқылы жүзеге асыруына жол ашты, азаматтардың сот билігіне сенімін күшейтті. Сот жүйесінің дәл қазіргі уақыттағы ең басты мақсаты – халықтың сотқа деген сенімін арттыру дер едім. Сондықтан сот жүйесін одан әрі жетілдірудегі басым бағыттардың бірі және бірегейі – соттың ашықтығы, жариялылығы, сол арқылы халық пен сот арасында екіжақты байла­нысты қалыптастыру болып қала бермек. Сот төрелігінің ашықтығы судьялардың жеке басының ісі болып есептелмейді, ол мемлекеттік саясаттың бағытына айналған. Қазіргі күні қол жеткен табыстар биігінен қарағанда, дер кезінде жүзеге асқан шаралардың сот реформасын барынша жеделдетіп, соттардың қызметін жаңа дең­гейге көтергеніне айқын көз жетеді. Негізінен әлемдік стандарт бойынша сот билігінің тәуелсіздігі саяси, экономикалық және іс жүргізу аспектілері бойынша баға­ланады. Саяси тәуелсіздік – сот жүйесінің басқа билік тармақтарынан дербестігін, экономикалық тәуелсіздік – сот қызметін қаржылай қамтамасыз ету тікелей мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуін, ал іс жүргізудегі тәуелсіздік – судьялардың жоғары тұрған судьяларға, сот төраға­ларына және әкімшілік аппаратына бағы­нышты болмауын білдіреді. Бұл ретте біз­дің сот жүйеміз әлемдік стандартқа сәйкес келеді деп айтуға болады. Солай болғанмен де біз осы қалып­тасқан сот жүйесін тоқырауға ұшырат­пауымыз керек.

Соттардың алдындағы негізгі міндеттері – Конституцияны, заңнаманы бұлжытпай сақтау, судьяның антына адал болу, сот төрелiгiн iске асырған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтау және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және қызметіге заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұру болып табылады.

Біздің мәңгілік мұратымыз – ел тәуелсіздігінің құнды­лықтарын қорғайтын қуатты сот, адамгершілік келбеті айқын адал сот, турашылдықтан таймайтын әділ сот, әр адамның құқығын қажымай қорғайтын қайырымды сот болуға тиіс

 

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының судьясы Д.Б.Дуанбеков

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.