Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының шешіміне сәйкес, Пернебаев Нұркен Манатбекұлы 2026 жылғы 19 қазаннан бастап Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
Нұркен Манатбекұлы еңбек жолын 2014 жылы аталған білім беру ұйымында биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2018 жылдың тамыз айынан бастап 2026 жылдың қазан айына дейін Мойынқұм аудандық білім бөлімінің №1 орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
Ол – биология пәні бойынша педагог-зерттеуші, басшы-менеджер біліктілік санатына ие мектеп директоры. Сонымен қатар білім беру саласында облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізген. 2025 жылы Қазақстан Республикасы мектеп директорлары арасында өткен байқаудың жеңімпазы атанған.
Нұркен Манатбекұлының жаңа қызметіне сәттілік, толағай табыс және білім беру саласын дамыту жолындағы еңбегіне жеміс тілейміз!







