2026 жылғы 29 қарашада өтетін аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты Қордай және Меркі аудандарында депутаттыққа үміткерлер белгілі болды, деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
📍 Қордай ауданы – 20 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 80 кандидат.
📍 Меркі ауданы – 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 47 кандидат.
Осылайша, екі аудандағы 35 сайлау округі бойынша барлығы 127 кандидат ұсынылған.
Үміткерлер қатарында саяси партиялар атынан ұсынылған азаматтармен қатар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға қатысуға ниет білдірген азаматтар да бар.
📌 Кандидаттардың толық тізімі, олардың жұмыс орындары, лауазымдары және ұсынған тараптар туралы ақпарат TURANINFO.KZ сайтында жарияланды.
ҚОРДАЙ АУДАНЫ
МЕРКІ АУДАНЫ
🌐 TURANINFO.KZ — ақпарат агенттігі




























